Париж бен Алматы арасында сұлулық таратқан Somerset Karine
«Көркіне ақылы сай» деп жиі айтып жатамыз, ал Somerset Karine атты дизайнерді (шын аты Карина Ысқақова) көргенде «көркіне ақылы әрі дарыны сай» деп айтқың келеді. Өйткені 24 жасында Карина өзінің алғашқы топтамасын Париждегі Луврда, кейін Алматыда сәтті көрсетіп шықты. Сондай-ақ мұндай жетістікке жеткенге дейін Париждің Дизайн және Өнер жоғарғы мектебін үздік бітіріп, магистрлік дәрежесін алып та үлгерді. Айтары мен тәжірибесі мол дарынды Каринаны әңгімеге тартып, біраз қызықты әрі пайдалы ақпаратқа қанықтық. Сонымен алдарыңызда Somerset Karine. — Сәлем, Карин! Қай жерде туылдың? Қазір қайда жұмыс істейсің? — Семей жақта туылғанмын. Бірақ онда тұрмадым, бірден Алматыға көшіп кеткенбіз. Бұл жерде ағылшын тіліне тереңдетілген лингвистикалық Алматы қаласының Халықаралық мектебінде оқыдым. Ке…
