Инстаграмдағы қазақстандық актерлер
Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, фотограф, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Бүгінгі материалда қазақстандық актерлердің инстаграмына шолу жасамақшымыз. 1. Азамат Сатыбалды @azamatc Қазақстанның бірден-бір танымал актері жайлы сұхбат осыған дейін "Екпінде" жарияланған болатын. Ал өз инстаграмынан Азаматтың әрдайым Астана мен Алматы арасында ұшып жүретінін, қандай жаңа жобаларға, фильмдерге қатысып жатқандығын және де ұлымен уақыт өткізуді жақсы көретін үлгілі әке екендігін білдік. Кейбір суреттер астына жазылатын астарлы сөздерінен актердің өмір жайлы терең философиялық ойларын біліп қала…
