Күзгі кітаптар тізімі
Күзгі меланхолияның жабырқаулы көңіл-күйден басқа жағымды тұстары да бар. Оның бірі — жылы көрпеге оранып алып, кітаптағы кейіпкерлеріңмен бірге өзгеше ғұмыр кешу, олардың уайымын уайымдау мен қуанышына ортақтасу, қайғысына қосылу мен әзіліне күлуге не жетсін! Асықпай, ерекше ынтамен оқуды талап ететін, артынан терең ой қалдыратын күзгі кітаптар бестігін «Екпінмен» бірге оқыңыздар. Джозеф Максвелл Кутзее, «Петербордағы күз» Ерекше автордың ерекше шығармасы. Кутзее Оңтүстік Африкадағы Кейптаун қаласында дүниеге келген, Жазушы, сыншы, лингвист 2003 жылы әдебиеттен Нобель сыйлығының лауреаты атанған. Букер сыйлығын екі мәрте (1983 жылы «Жизнь и время Михаэла К.» романы үшін, 1999 жылы «Бесчестье» романы үшін) иеленген алғашқы жазушы. «Петербордағы күзде» шетелдік автор Федор Достоевский, ХІХ…
