Аптаның қызықты материалдары #1
Достар, осы аптадан бастап сенбі сайын сіздерді қазақ тілді электронды БАҚ-дың мәдени материалдарымен таныстыруға тырысамыз. Бұл дайджесте 7 күннің ішінде Қазнетте жарияланған қызықты жазбалар тізімін ұсынамыз. ________________________________________________________________________ Қазақ әдебиеті дағдарыста ма? – Үлкен жазушыларымыздың бірі газет бетінде: «Әдебиеттің алтын ғасыры» енді тумайды», – деді. Тағы бір жазушымыз: «Қазақ әдебиеті қазір тоқырау үстінде», – дейді. Әр жерде осындай әжік-күжік әңгіме айтыла берген соң сұрап отырғаным ғой. – Әдебиеттің алтын ғасыры өтіп кетті, енді жақсы шығармалар тумайды дегенге өз басым қарсымын. Бізде шын мәніндегі үлкен әдебиет болған жоқ. Үлкен әдебиет ұлттық ұлы мұраттар, үлкен шайқас, айтыстар болған кезде ғана туады. Әдебиеттің алтын ғасыры…
