Астана: Қазіргі заман өнер мұражайы
Астана қаласындағы Қазіргі заман өнер мұражайы 1980 жылғы 2 қазанда ашылған. Отыз жылдан астам өнердің дамуына атсалысып келе жатқан мұражайдың жеке коллекциясында төрт мыңнан астам көркем шығарма жинақталған. Мұражай негізгі үш зал мен қосымша көрме залынан тұрады. Небәрі тоғыз ғылыми қызметкер Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Грузия, Армения, Латвия, Литва, Эстония және Тәжікстан суретшілерінің шығармаларымен жұмыс жасайды. Өнердің барлық түріне қызығатын жандар үшін мұражайда фортепиано да бар. Суреттерді сақтау орындары Суреттерді сақтау үшін сақтау орындарында арнайы температура мен ылғалдылықтың қажетті деңгейі қамтамасыз етіледі. Мұражайда "Цветная азбука" атты үш жастан тоғыз жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп-студия жұмыс істейді. Қазіргі заманғы өнер мұражайы қаладан а…
