Аптаның қызықты материалдары #17
Достар, «Аптаның қызықты материалдары» айдары жазғы демалыстан шығып, отандық БАҚтың мәдениет тақырыбында қозғаған мақалаларымен таныстыруға дайын. МҮСІРЕПОВ КЕНЕСАРЫНЫ НЕГЕ ҰНАТПАДЫ, ҰЛПАНДЫ ҚАЛАЙ АСҚАҚТАТТЫ? Соңғы кездері арыстар тобы, алыптар тобы деген тіркестер айтылмайтын болып кетті. Бара-бара олардың атын да ұмытып кететін түріміз бар. Осындай жағдайда алыптар тобының белді өкілі Ғабит Мүсіреповтің көлемі 1000 беттен асатын, іші-сырты қалың, әдемі тысталған көркем шығармалар жинағы «ҚазАқпарат» баспасынан жарық көрді. «Мәдениет» телеарнасының «Халық сөзінен» қолдау тапқан жобасында белгілі әдебиеттанушы, ғалым – Талапбек Әкім мен филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Сәлима Қалқабаева осы кітап жайында төмендегіше әңгіме өрбітті (жалғасы). Маржан ЕРШУ,…




