Әдеби талғам
Жазушылар үшін алдыңғы толқынның еңбектері — заманауи тарих десек те болады, ал сүйікті автор көп ретте замандасы немесе жақын досы ретінде қабылданады. Бүгінгі материалда XX ғасыр қазақ әдебиетінің ең сүлей суреткерінің бірі Оралхан Бөкей, Нобель сыйлығының лауреаты, ақын, эссеист, көрнекті аудармашы Иосиф Бродский сияқты тұлғалардың сүйікті авторлары мен кітаптарының тізімін оқырмандар назарына ұсынбақпыз. Эрнест Хемингуэй Эрнест Хемингуэй (1899–1961) «өз қабілетіңді толықтай түсінудің жалғыз жолы — бұрынғы заман жазушыларымен жарысу» деп білген. Дүниежүзілік соғыстар кезінде Парижде ағылшын тіліне аударылған барлық орыс классиктерінің туындыларын оқып шыққан Хэмингуэй американдық жазушылардың ең мықтысы деп Марк Твенді санаған. «Сен өзің тауып алған жаңа әлемде өмір сүрдің... Ғажап әле…
