Иллюзия әлемінде жүрген Жеңіс
Менің есімім Жеңіс. Мен иллюзионистпін. Оңтүстік Қазақстан облысындағы кішігірім Кентау қаласында дүниеге келгенмін. 15 жылдай отбасыммен Алматы қаласында тұрып келеміз. Иллюзия жанрына кішкентайымнан қызығамын. Әрине, оның оянуына бірден-бір әсер еткен тұлға — иллюзионист Дэвид Копперфильд. Кішкентайымда оның өнеріне қызығып, бірнеше фокусты үйрендім. Оның бірін біреу үйретсе, біреуін бір жерден көріп алдым. Барлығын бірден жаттап алып, отбасыма, достарыма қайта-қайта көрсете беретіндігім әлі есімде. Негізгі мамандығым қаржыгер. Қазір магистратурада оқимын. «Мен не үшін иллюзиямен айналысамын?» дейсіз бе. Шынымды айтсам, бұл мамандық па, жоқ па, онысын әлі шешкен жоқпын. Бірақ қазіргі уақытта басымнан өтіп, айналамда болып жатқан магия, сиқыр маған өте ұнайды. Қазіргі уақытта бұл ісімді…
