Алматы көшелері: Мағазы Масанчи
Бүгін «Екпіннің» «Алматы көшелеріне саяхат» атты айдарында Орта Азия мен Қазақстандағы азамат соғысының батыры, Алматы қаласының тумасы Мағазы Масанчидің құрметіне аталған көше. Мағазы Масанчи көшесі Байтұрсынов және Амангелді көшелерінің аралығында орналасқан. Қаланың солтүстігінен оңтүстігіне қарай Мақатаев көшесінен басталып, Сәтпаев көшесіне дейін созылып жатыр. Ол Жібек жолы, Гоголь, Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би, Бөгенбай батыр, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Жамбыл, Шевченко, Құрманғазы көшелерін және Абай даңғылын қиып өтеді. Бұрынғы атауы «Дүнген» көшесі. Кезінде бұл көшенің бойында Шығыс Түркістаннан көшіп келген дүнгендер қоныстанған. Олар бау-бақша өсірумен, кірпіш құюмен, жүк тасмалдаумен, ұсақ сауда жасау кәсіптерімен шұғылданған. Қазіргі уақытта Масанчи көшесінің бойында к…
