Мазмұнға өту
Екпiн
Екпiн

Екпiн

451 жазбалар4 тіркелуші

Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.

Алматы көшелері: Серәлі Қожамқұлов

Бүгінгі «Алматы көшелеріне саяхат» айдарында танымал актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі Серке Қожамқұловтың құрметіне аты берілген көшеге саяхаттаймыз. Қожамқұлов көшесі Мұратбаев пен Мұқанов көшелерінің аралығындаорналасқан. 1981 жылға дейін Қастек көшесі деп аталынған көше Райымбек даңғылынан басталып Құрманғазы көшесіне дейін созылып жатыр. Мақатаев, Гоголь, Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би, Бөгенбай батыр, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Жамбыл, Шевченко көшелерін қиып өтеді. Серке Қожамқұлов 1896 жылдың мамыр айының 5-жұлдызында Қостанай облысының Қарабалық ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі Серәлі. Әкесінен ерте айырылған Серкенің өнерге деген құштарлығын жақындары: жездесі Жүсіп Темірбеков пен жазушы Бейімбет Майлин оятқан. Серке 1913-1916 ж…

4
1
3467

Педиатр мамандығы: нәрестенің денсаулығын қалай сақтауға болады?

Адам өмірінің соңына дейін хирургке жолықпауы мүмкін. Алайда туылғанынан бастап есейгеніне дейін ең көп кездесетін дәрігері — педиатрдың орны өзге дәрігерлерден бір бөлек. Баланың физикалық және психикалық дамуын бақылап, өз жасына сәйкес дамып жатқандығын қадағалап, түрлі балалар ауруларын алдын алып емдейтін бірден-бір медицина саласының мықты мамандығы ол — педиатрия. Бүгінгі материалда осы мамандықтың қыр-сырлары туралы жас маманмен әңгімелесуді жөн көрдік. Педиатрияның тарихына көз жүгіртетін болсақ: бұл мамандық жеке өз алдына тек ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ғана қалыптаса бастаған. Оның туған күні деп 1802 жыл Париж қаласында тұңғыш балалар ауруханасының ашылу күні деп саналады. Алайда, ежелгі заманда да, орта ғасырларда да Гиппократтан бастап өзге де ғалымдар бала ағзасының ер…

7
3
33568

Воннегуттан дәріс алыңыздар

23 сәуір — Кітап күні Курт Воннегут «Көркем әдебиет пішіні» курсында білім алып жатқан студенттерге семестрлік тапсырма ретінде жіберген хаты: 30 қараша 1965 жыл. Қымбаттыларым! Біздің курс «Көркем әдебиет пішіні мен теориясы» ретінде басталған еді, кейін ол «Көркем әдебиет пішініне» айналды, одан кейін «Көркем әдебиеттің пішіні мен құрылымына», одан «Үстірт сын немесе мықты маман секілді сөзді сүзіп алу» деп аталды. Мүмкін «қара ақпанға» дейін ол «мал шаруашылығына» да айналып үлгерер. Осыдан көптеген жылдар бұрын менің сүйікті достарымның бірі айтпақшы: «Бөркіңді шешпе — біз әлі жеткен жоқпыз». Сендердің курс жұмыстарыңа келетін болсақ, мен сендерден цинизммен қатар әділдікті талап етемін. Әлемнің жаратылысына тағзым етулеріңді, еш қиналмастан таң қалуларыңды қалаймын, алайда сендердің…

7
1
703

Шетелде ғылыми тәжірибеден өту: Humboldt-Universität zu Berlin

«Екпіннің» Шетелде ғылыми тәжірибеден өту айдарының өткен санында Италияның Л’Акуила қаласындағы Л’Акуила университетінде ғылыми тәжірибеден өтіп келген Ақбота Жеңісқызы туралы жазған едік. Бүгінгі материалдың кейіпкері Германияның астанасы Берлин қаласындағы Гумбольдт университетінде тағылымдамадан өтіп жүрген Нұраддин Садықов. — Сәламатсыз ба, Нұраддин! Алдымен өзіңіз жайында айтып өтсеңіз... — Мен Қызылорда облысының тумасымын. Жасым жиырма жетіде. 2003 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы №123 Т.Жүргенов атындағы дарынды балалар мектебін бітірген соң еліміздегі іргелі оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде білім алдым. Бұл мамандықты таңдауыма бала кезден әдеби кітап пен жыр-дастандарға құмартып, жаттап өскендігім ықпал етті. Кез келген…

6
1
3031

Алматыны не үшін жақсы көреміз: Мөлдір Әуелбекова

Алдыңғы жазбаларда Алматы тұрғындары мен Алматыға ғашық жандармен сұхбаттасуды жоспар етіп құрдық деп айтқан болатынбыз. Алғашқы жазбамыз Алматыны жақсы көретін себептер тізімінен бастау алса, бүгінгі материалымызда еліміздің талантты әншісі Мөлдір Әуелбекова мен оның Алматы қаласына деген жылы лебізінен құрылған видеосұхбат. Видеоны HD сапасында тамашалуға болады. Қабыл алыңыздар!

Сұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева
Видео: Әлия Сембай
Әуен: Nomak - Blessing of music

Ал сіз Алматыны не үшін жақсы көресіз?

10
8
1852

Қозы Көрпеш — Баян Сұлу күніне мерекелік анонс

Бүгін еліміздің барша жастары Махаббат күнін тойлауда. «Екпін» журналы Қазақстанның әр қаласы бұл мерекені қалай тойлайтынын алдын ала біліп алып, сіздермен бөлісіп отыр. Астана: Астана қаласында сағат 21:00-де Астана орталық саябағында жастар жиналып, жанатын гелий шарларын ұшырады. Алматы: — сағат 15:00-де Қарасай батыр мен Масанчи көшелерінің қиылысында, ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің студенттері ұлттық ғашықтар күніне арнайы қойылым қояды. — сағат 18:00-де ADK сауда-ойын-сауық кешенінде ғашықтарға арналған кеш ұйымдастырылады. Романтикаға толы ән мен биден тұратын кештің соңы жанатын гелий шарларын ұшыруға ұласады. — сағат 18:30-да Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Махаббат сазы» атты поэзия кеші өтеді. Семей: — сағ…

4
4
3377

Шохан: «Мен үшін махаббат — бақыт кілті»

«Екпін» журналы қазіргі жастар үні мен тынысынан әрдайым хабардар болып, оны оқырманға жеткізіп отыруға тырысады. Қазірде қазақ жастары арасында қазақша рэп тыңдармандары көбейіп келеді. Қазрэптің жарқын өкілдері AshҚазақPro, Жақаумен сіздерді таныстырып үлгердік. Енді бүгін тағы да бір рэп майталманы, бас қала Астанамызды таныстырып жүрген, рэп оқуда өзінің ерекше техникасымен көптеген тыңдармандарын баурап алған Шоханмен таныс болайық. Сондай-ақ бүгінгі ғашықтар күніне орай Шоханмен бірге оның сүйікті жары Сабинаны да әңгімеге тартып, махаббат жайлы сөз қозғадық. — Сәлем, Шоқан! Алдымен әңгімемізді шығармашылығыңнан бастасақ. Қазір рэп сен үшін жұмыс па әлде хобби ме? — Негізі рэп айтуды мектеп бітіріп жатқан кезде бастағанмын. Брейк биімен әуестенгеннен басталды ғой бәрі. Сол кезде рэп…

8
5
5178

Алматы көшелері: Мұқан Төлебаев көшесі

Бүгін «Екпіннің» «Алматы көшелеріне саяхат» айдарының кезекті материалы жақында 100 жылдық мерейтойы аталынып өткен көрнекті композитор, қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері Мұқан Төлебаевтың құрметіне аталған көшеге арналады. Мұқан Төлебаев көшесі XIX ғасырдың 60-70 жылдары қалыптаса бастаған. Райымбек батыр даңғылынан басталып оңтүстікке қарай Абай даңғылына дейін созылып жатыр. Фурманов пен Қонаев көшелерінің аралығында орналасқан. Мәметова, Мақатаев, Гоголь, Қазбек би, Төле би, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Жамбыл, Шевченко, Құрманғазы көшелерін қиып өтеді. Бұрынғы атаулары - Сергиополь, Фонтан көшесі. 1868 жылы бұл көшенің бойына кірпіштен екі қабатты үйлер салынып, көше бойына ағаштар мен бұталар өсірілген аллея жасалынып, тротуарларды жағалай к…

5
4
4610

Джайсалмер қамалы мен Тхар құмды шөлі

1. Джайсалмер қаласы Делиден 914 шақырым, Раджстан штатының батысында орналасқан. Хинди тіліндегі регистан (раг-құм, стан-жер) сөзі парсы тілінен құмды жер деп аударылады 2. Джайсалмер қамалы - ортағасырдан бері сақталған қаланың басты тарихи комплексі. Есесіне, әлемдегі әліге дейін халық мекен ететін бірден-бір тарихи ескерткіш қамал. 3. Көптеген әскери жорықтардан қорғанған қамалды зеңбіректермен де атқылаған, ол замандаңы зеңбірек оқтары маңайда баршылық 4. Маңайдағы барлық үйлер мен ғимараттар жергілікті құм тасынан бой көтерген. 5. Орта ғасырларда Джайсалмер маңызды сауда жолдарында орналасқан себептен гүлдеді. Керуендер Мысыр, Таяу Шығыс, Орта Азия және Үндістан арасында қатынады, алайда мұхиттағы кемелердің ықпалы қуатына жеткенде, стратегиялық орталық Бомбейге көшті. Пәкістан мен…

Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты

Аз уақытта дайындалатын шоколадты торт арқылы жексенбіңізді мерекеге айналдырып жіберіңіздер. Ол үшін бізге: Бисквитке - 350 г. қоюлатылған сүт - 2 жұмыртқа - 125 г. ұн - 25 г. какао - 1 ш.қ. сода Кремге - 500 мл. сүт - 150 г. қант - 1 жұмыртқа - 70 г. ұн - 25 г. какао Глазурь үшін - 150 г шоколад - 35 %-дық 75 мл қою сүт (сливки) керек. Бірден пешімізді 180 С қыздырып қоюға болады. Алдымен жұмыртқаны үлпілдеген ақ көпіршік болғанға дейін миксермен араластырамыз. Оның үстіне қоюлатылған сүт (сгущенка) мен соданы қосамыз. Дұрыс мөлшерленген ұн мен кокаоны қосамыз да, араластырамыз (миксермен емес). Енді қоспаны алдын ала асты майланған орташа табаға құйып, пешке 25 минутқа салып қоямыз. Бұл аралықта кремнің мәселесін шешейік. Ол үшін бірінші жұмыртқаны миксерлеп, оған қант, сүт, ұн қосамыз…

6
4
5187