Мұхтар Әуезовтің мемориалдық мұражай-үйі
Бүгін мұражайлар күні Мұхтар Әуезов бұл үйде 1951-1961 жылдар аралығында тұрған. Жазушы қайтыс болғаннан кейін ҚазКСР Министрлер Кеңесі жазушы есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында оның тұрғын үйін мұражай ету туралы сол жылдың 10-тамызында Қаулы шығарады. 1963 жылы қарашаның 28-жұлдызында Мұхтар Әуезовтың әдеби-мемориалдық музей-үйі өзінің алғашқы келушілеріне есігін ашқан. Үйде жеті бөлме бар, оның төртеуі – бірінші қабатта, үшеуі – екінші қабатта. Үйдің жобасын сәулетші Г.Герасимов жасаған. Бұл қонақ бөлмеде Мұхтар Әуезов жанұя мүшелерімен кешқұрым түгел жиналып, теледидардан берілетін хабарлар көретін. Бөлмеде Мұхтар Әуезовпен ұзақ жылдар бойы достық қарым-қатынаста болған КСРО Халық суретшісі Орал Таңсықбаевтың «Көктөбеде», Қазақстанның халық суретшісі, еліміздің кәсіби бейнелеу өнері…
