Тұрар Рысқұлов публицистикасы
Журналист әрі Тұрар Рысқұлов публицистикасын зерттеуші Мейрамхан Жәпек осыдан үш жыл бұрын Мәскеудегі Ресей Федерациясының Мемлекеттік Мұрағатынан көптеген құнды деректер тауып, ғылыми жұмысына қатысты материалдарымен бізбен бөлісті. Аталы жұртымыздың ардақты ұлдарының бірі Тұрар Рысқұлов он жылдан астам уақыт Мәскеуде тұрып қызмет атқарды. Сондықтан да болар мұрағаттарда Тұрарға байланысты қаншама құжат сақталыпты. Мен негізінен оның публицистік мұрасын зерттедім. Яғни әуелі сонау замандарда баспасөз беттерінде жариялаған мақалаларын тауып алып, хронологиялық тізбесін жасадым. Десек те, әлі ешбір зерттеушінің қолы тимеген құжаттарды көргенімде еріксіз таң қалдым. Мәселен, өткен ғасырдың отызыншы жылдарында шығып тұрған «Поволжская правда», «Коммунальное дело» т.б. басылымдардағы материал…
