ШЫҰ Кинофестивалінде Қазақстан киноиндустриясының жетістіктері
2025 жылғы 4 шілдеде Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің кинофестивалі аясында кинонарықтың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Беларусь, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қытай секілді барлық мүше елдердің киноиндустрия өкілдері қатысты. Қазақстан бұл алаңда ұлттық киноның жоғары даму деңгейі мен кинематография саласындағы маңызды жетістіктерін көрсетті. Қазақстан стендінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының киножобалары ұсынылды. Бұл алаң қазіргі қазақстандық киноның жанрлық және тақырыптық әралуандығын айқын көрсетіп, жергілікті аудиториядан бөлек, халықаралық көрерменге де бағытталғанын дәлелдеді. Көрмеде халықаралық аудиторияға арналған бірқатар жобалар ұсынылды. Ст…
