Мазмұнға өту
Образование
930 жазбалар515 тіркелуші

Образование и дети

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне – 87 жыл

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті –дәстүрлерге бай, оқу және ғылыми жұмыстардағы көпжылдық тәжірибесі арқасында мемлекеттік аттестаттаудан бірінші болып өтіп, барлық мамандықтармен деңгейлерде білім беру қызметін жүзеге асыруға құқығы расталған Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің жетекші мекемесі.

Өзінің 87 жылдық тарихы ішінде ҚазҰУ Қазақстандағы ең беделді университет ретінде елдің ғылыми, саяси, мәдени және экономикалық элитасының басым көпшілігін қалыптастырып қана қоймай, көптеген жетістіктерге жетіп, талай шыңдарды бағындырды.

2020 жылы Қазақ ұлттық университеті QS жаһандық ЖОО рейтингінде 165-ші орынға көтеріліп, Елбасы Н.Ә.Назарбаев қойған және Қазақстан Республикасының білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылға дейін әлемдегі ең үздік 200 университеттің қатарына кем дегенде екі қазақстандық ЖОО-ға кіру туралы тапсырманы сәтті орындады. Университет өзінің әлемдік ғылыми және білім беру кеңістігінде жоғары деңгейге сәйкестігін растады. Сонымен қатар, ҚазҰУ - жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің және ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы, елдің жоғары оқу орындары арасында бірінші болып, Қазақстан Республикасы Президентінің «Сападағы жетістіктері үшін» сыйлығымен марапатталған.

Университет өзінің миссиясын білім беру мекемесі ретінде бар білімді беруде ғана емес, сонымен қатар ғылым жетістіктеріне негізделген жаңа білімді дамытуда да көреді. Мұндай тәсілмен ғылыми зерттеулерге тек оқытушылар ғана емес, сонымен қатар университеттің студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысады. Университетте еліміздің түкпір-түкпірінен, сондай-ақ көрші елдерден келген 20000-нан астам студенттер білім алуда.

Университет өзінің дарынды студенттерін әлеуметтік қолдауға ерекше мән береді. Мәселен, соңғы 3 жылда университет 350 миллион теңгеге 1300-ден астам демеушілік стипендия жинады. Жыл сайын «өте жақсы» және «жақсы» деңгейінде оқитын мыңнан астам әлеуметтік осал топтағы студенттер оқу ақысының жеңілдіктерін пайдаланады.

Осыған қоса, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті БҰҰ-ның босқындар агенттігінің қолдауымен БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттары мен босқындар интеграциясын жақсартудың халықаралық қағидаларына сәйкес сапалы білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы босқындарға арналған алғашқы гранттық бағдарламаны іске қосты. Бағдарлама аясында 2020 жылы ҚазҰУ тарапынан Қазақстанда тұратын босқындар үшін конкурстық негізде екі грант бөлінді. Грант босқындарға университеттің бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейіндегі білім беру бағдарламалары бойынша стипендиясыз ақысыз оқуға құқық береді.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университетінің мыңдаған оқытушылары, студенттері мен түлектерінің қауымын туған күнімен құттықтаймыз! Соңғы онжылдықта университет даңқты жолдан өтті және бүгінде елдегі бүкіл білім беру жүйесінің тірегіне айнала отырып, қоғамдық-саяси және экономикалық өмірдің дамуына орасан зор үлес қосуда. Бүгін ҚазҰУ. Әл-Фараби халықаралық ғылыми және білім беру кеңістігінде Қазақстанды лайықты түрде көрсететін жоғары білім берудің әлемдік көшбасшыларының бірі болып саналады. Болашақта да ғылым жолында бірлесіп табыстарға қол жеткізіп, өз Отанымыздың дамуына үлес қоса берейік.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университеті, Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс магистранты А.Б. Мажитова

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының доцент м.а., PhD докторы Ж.Т. Таубаев

0
0
518

Біздің түлектер. Расправляя крылья

Аспан мен авиацияға деген махаббат Шухрат Сұлтанходжаевті Авиация колледжіне әкелді, ол 2009 жылы колледжді тәмамдап, осы жылы сырттай азаматтық Авиация академиясында оқып, SCAT авиакомпаниясына жұмысқа орналасты.
Жас маман және сырттай оқитын студент Ан-2, Ан-24 ұшақтарын жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысты. Ал біраз уақыттан кейін тиісті қайта даярлаудан өтіп, оған Boeing-737 лайнерлерімен жұмыс істеуге сенім білдірді.
Авиатор Шухрат Сұлтанходжаев оқу кезінде алған теориялық дайындықтары үшін Авиация колледжі мен АА академиясының оқытушыларына алғысын білдірді, және қазіргі студенттер мен оқытушыларға қашықтықтан оқыту режиміне байланысты барлық мәселелерді табысты жеңуге тілек білдіреді. Шухрат Султанходжаев елдің Азаматтық авиациясы көп ұзамай өз қанаттарын сенімді түрде түзейтініне сенімді.


Любовь к небу и авиации привела Шухрата Султанходжаева в Авиационный колледж, который он окончил в 2009 году и в этом же году он начал учиться заочно в Академии гражданской авиации, устроившись на работу в авиакомпанию SCAT в г.Шымкент.
Молодой специалист и студент-заочник АГА занимался ремонтом и обслуживанием самолетов Ан-2, А-24. В 2013 году Шухрат поучил диплом о высшем образовании. А через некоторое время, после переподготовки ему доверили работать с лайнерами Boeing-737.
Авиатор Шухрат Султанходжаев благодарен преподавателям Авиационного колледжа и Академии ГА за прекрасную теоретическую подготовку, полученную во время учебы. Выпускник Академии желает нынешним студентам и преподавателям успешно преодолеть все проблемы, связанные с дистанционным режимом обучения. Он уверен, что гражданская авиация страны вскоре вновь уверенно расправит свои крылья.

Уважаемые друзья, подписывайтесь на интернет-каналы Академии гражданской авиации!

1
0
401

Жеңіс күнімен құттықтаймыз! С Днем Победы!

Құрметті достар!
Жеңіс күні – бұл бүкіл әлемге біздің аға буын өкілдері сыйлаған мереке. Әрбір отбасында Жеңіс үшін майданда батыл шайқасқан немесе тылда аянбай еңбек еткен азаматтар бар. Болашақ ұрпақ үшін өз өмірін қыршын еткендерге мәңгі естелік. Соңғы сапта қалған ардагерлерге денсаулық пен береке!
Мерекелеріңізбен, қымбатты достар!

Дорогие друзья!
День Победы – это праздник, подаренный всему миру нашим старшим поколением. В каждой семье есть те, кто храбро сражался на фронте или самоотверженно трудился в тылу во имя Победы. Светлая память всем тем, кто отдал свои жизни во имя будущих поколений. Здоровья и благополучия ветеранам, оставшимся в строю!
С праздником, дорогие друзья!

Ректор Академии гражданской авиации  
Бекен Сейдахметов

1
0
1422

«Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?»

30 сәуір 2020 жылы Zoom платформасында Азаматтық авиация академияның «Жалпы ғылыми пәндер» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., Сейдилдаева А.К., PhD докторы Байгисова К.Б., аға оқытушы Борибаева М.А. жетекшілігімен  АВ-19.1 қазақ және орыс топтары, МХ-19.2 қазақ тобы ұйымдастырған Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай
«Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» қашықтықтан дөңгелек үстелі өткізілді.
Кафедра меңгерушісі Аширкул Кемелбеккызы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз». Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деп айтқан сөзін тиек ете келе - ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай елдегі төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан өткіздіріліп отырған шараның мақсатын айтып өтті:
- студенттерді Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру;
- ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау;
- өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтуға үйрету;
- көркем сөйлеуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге уйрету.

 
 PhD докторы Байгисова К.Б. Абай атамыз туралы өмірбаянымен таныстырды. Академияның 1-курс студенттері Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыды: Қадыр Жұлдыз (АВ-19.1): Өлең «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», Камалладинов Динмухамед (МХ-19.1): Өлең «Құлақтан кіріп, бойды алар», Бузько Валерий (АВ-19.1): Өлең «Желсіз түнде жарық ай» Абайдың табиғат лирикасына арнаған өлендерін.
Раденков Михаил (АВ-19.1): Өлең «Жаз», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»
Укуметова Дильназ (АВ-19.1): Өлең «Күз» тамаша манерлеп оқыды.
Аға оқытушы Борибаева М.А.  Абай Кунанбаевтың рухани жан-дүниесі, әлемге көзқарасы оның лирикалық әндерінде айрықша көрсетілген атап өтіп, Абай әндерінің өзгешелігі оның ырғақтығында, идеялық мазмұнының ашықтығында екенін айтты.
Бірінші курс студенттері Найман Баян мен Қадыр Жұлдыз(АВ-19.1)
«Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады.
Абай атамыздын Кара сөздерін оқығандар: Найман Баян (АВ-19.1): 7 –ші Кара сөзі, Мірәлі Ақжол (АВ-19.1): 14 –ші Кара сөзі, Октябров Нурислам (МХ-19.2): 19 –ші Кара сөзі, Сейіт Қыран (МХ-19.2): 24 –ші Кара сөзі, Төленбай Елнұр (МХ-19.2): 31 –ші Кара сөзі, Сыдыкджанова Мухаббат (МХ-19.2): 32 –ші Кара сөзі, Сейдилдаева Әшіркүл Кемелбеккызы: 41 –ші Кара сөзі.
«Әнді сүйсең, менше сүй», – деп Абай атамыз айтқандай Жұмаділов Әбілсейіттің гитарада орындауындағы «Көзімнің қарасы» әні тамашаланды.
Авиациялық ағылшын тілдер кафедрасының профессоры Тулекова Г.Қ Абай танудың үлкен орнын айтып өтті.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? – деп төрелігін өзі шешкен Абай, бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстеліміздің соңында кафедра ұстаздары мен студенттері «Сіз қай Қара сөзін талдайсыз?» атты челлендж эстафетасын бастап, 37-ші Қара сөзін талдады.


30 апреля 2020 года на платформе Zoom, под руководством заведующей кафедры «Общенаучных дисциплин» к.т.н. Сейдилдаевой А.К. и преподавателями: доктором PhD Байгисовой Б.К., старшим преподавателем Борибаевой М.А. со студентами групп АВ, МХ и ЛЭ состоялся круглый стол «Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» , посвященный 175- летию великого казахского поэта Абая Кунанбаева.
Со вступительным словом выступила заведующая кафедры «Общенаучных дисциплин» Сейдилдаева А.К. Она процитировала слова Елбасы Н.А.Назарбаева: «Представляя Абая, мы представляем Казахстан и казахский народ миру. Абай всегда должен быть нашим национальным девизом». Ознакомила с целью данного мероприятия:
• познакомить студентов с жизнью и творчеством великого поэта;
•  показать значение произведений Абая для молодежи;
• познакомить с лирикой и прозой Абая;
• научить художественной речи, творчеству.
Затем доктор PhD Байгисова К.Б. рассказала биографию великого поэта.
Студенты Академии читали  лирику Абая:
Кадыр Жулдыз (АВ-19.1к): стихотворение «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» , Камалладинов Динмухамед (МХ-19.1к): стихотворение «Құлақтан кіріп, бойды алар», Бузько Валерий (АВ-19.1р): стихотворение «Желсіз түнде жарық ай», Раденков Михаил (АВ-19.1): стихотворение «Жаз», Укуметова Дильназ (АВ-19.1): стихотворение «Күз».


Старший преподаватель кафедры «Общенаучных дисциплин» Борибаева М.А. отметила , что лирика и проза Абая пронизана высоким духовным и нравственным содержанием, и направлена на воспитание молодежи.
Студенты Найман Баян и Кадыр Жулдыз(АВ-19.1) исполнили знаменитую песню на стихи Абая «Айттым сәлем, Қаламқас».   Студенты также прочитали выдержки из Слов Назидания: Найман Баян (АВ-19.1): 7 - Слово Назидания, Мірәлі Ақжол (АВ-19.1): 14 Слово Назидания, Октябров Нурислам (МХ-19.2): 19 Слово Назидания, Сейіт Қыран (МХ-19.2): 24 Слово Назидания, Төленбай Елнұр (МХ-19.2): 31 Слово Назидания, Сыдыкджанова Мухаббат (МХ-19.2): 32 Слово Назидания, Әшіркүл Кемелбеккызы: 41 Слово Назидания.
Жумадилов Абилсейт на гитаре исполнил песню на стихи Абая «Көзімнің қарасы».
Профессор кафедры «Авиацинный английский язык» Тулекова Г.Х выступила с речью о роли Абая Кунанбаева в мировой литературе, поблагодарила всех участников круглого стола за популяризацию культурного наследия великого Абая.
В завершении мероприятия преподаватели кафедры «Общенаучных дисциплин» и студенты проанализировали 37 - Слово Назидания и запустили челлендж  «Сіз қай Қара сөзін талдайсыз?».

Уважаемые друзья, подписывайтесь на интернет-каналы Академии гражданской авиации!

0
0
1312

Біздің студенттер Чехияда. Наши студенты-авиаторы в Чехии

Группа из 10 студентов Академии гражданской авиации, обучавшихся в летной школе AeroJOB в г.Кошице (Словакия) завершила программу обучения PPL и вернулась для дальнейшего обучения в Чехию, в летную школу F-Air, в г.Бенешов. Здесь летному делу обучается еще 20 студентов из АГА. Теперь, в общей сложности, в Чехии находится 30 студентов Академии.
В виду сложившейся ситуацией с пандемией, группа из 10-ти прибывших студентов сейчас находится на карантине, но активно продолжает заниматься теоретической подготовкой.  Администрацией F-Air для ребят созданы нормальные условия. Кроме того, со стороны «Офиса по академическим вопросам» АГА и лично деканом Е. Карсыбаевым ежедневно осуществляется мониторинг за жизнью и учебой студентов. 

Кошице қаласының (Словакия) AeroJOB ұшу мектебінде оқып жүрген Азаматтық авиация Академиясының 10 студентінен тұратын топ PPL оқу бағдарламасын аяқтап, одан әрі Чехияға, Бенешов қаласындағы F-Air ұшу мектебіне оралды. Мұнда ААА-ның тағы 20 студенті ұшу ісіне қатысады. Қазіргі таңда жалпы алғанда, Чехияда Академияның 30 студенті бар. Пандемиямен қалыптасқан жағдайға байланысты, келген 10 студенттен тұратын топ қазір карантинде тұр, бірақ теориялық дайындықпен айналысуды белсенді жалғастыруда. F-Air әкімшілігі балаларға қалыпты жағдай жасады. Сонымен қатар, ААА "Академиялық мәселелер жөніндегі офис" тарапынан және декан Қарсыбаев Ержан Ертаевич жеке өзі күнделікті студенттердің өмірі мен оқуына мониторинг жүргізуде.

1
0
632

Мы вместе! Медицина қызметкерлері Академияға алғыс білдіреді

Академия гражданской авиации тоже вносит свой вклад во всеобщее дело борьбы с короновирусом, предоставив на время карантина общежитие иногородним медикам, которые борются с пандемией.
На своей странице в "Фейсбуке" медики  Турксибского района пишут:
«Коллектив Городской поликлиники №9 г. Алматы выражает искреннюю благодарность Акимату г. Алматы, Акимату Турксибского района г. Алматы, Турксибскому районному филиалу Партии "Nur Otan" и администрации Академии гражданской авиации за оказанную заботу, поддержку и помощь в бесплатном размещении иногородних сотрудников поликлиники в общежитии Академии гражданской авиации на период карантина!Наши сотрудники остались на своих постах, чтобы бесперебойно оказывать медицинскую помощь нашему населению и всем вместе бороться с коронавирусной инфекцией! Берегите себя и своих близких и будьте здоровы!Когда мы едины - мы непобедимы!»
Медицина қызметкерлері Академияға алғыс білдіреді
Азаматтық авиация академиясы да, короновируспен күресуге өз үлесін қосып, карантин кезінде пандемиямен күресіп жүрген басқа қаладан келген медицина қызметкерлеріне жатақхана ұсынды.
Бұл ақпаратты, Түркісіб ауданының медицина қызметкерлері әлеуметтік желілерде жариялады:
"Алматы қаласының №9 қалалық емханасының ұжымы Алматы қаласының әкімдігіне, Алматы қаласының Түрксіб ауданының әкімдігіне, "Nur Otan" партиясының Түрксіб аудандық филиалына және азаматтық авиация Академиясының әкімшілігіне көрсетілген қамқорлығы мен қолдауына, карантин кезінде басқа қалалардан келген емхана қызметкерлерін азаматтық авиация Академиясының жатақханасында тегін орналастыруға көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғыс білдіреді!
Біздің қызметкерлер халыққа медициналық көмек көрсету және коронавирустық инфекциямен бірге күресу үшін өз бекеттерінде қалды! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз және сау болыңыз! Күш бірлікте дегендей, «Біз бірікенде - біз жеңілмейміз!»

0
0
490

«Біз біргеміз!» или, когда Всемирная Сеть становится студенческой аудиторией...

ДОЙТИ ДО КАЖДОГО СТУДЕНТА
В ходе видеоконференции, состоявшейся 2 апреля т.г. ректор Академии гражданской авиации Б. Сейдахметов поднял вопросы связанные с обучением студентов в дистанционной форме, в период режима ЧП и карантина.
Ректор  подчеркнул, что даже при всей загруженности систем и сервисов Интернета, необходимо с максимальной возможностью использовать все ресурсы для эффективного обучения студентов, несмотря на то, что многие из них проживают в сельской местности.На конференции также выступили проректор С.Касабеков, декан Е.Карсыбаев.
По итогам, поставленных на конференции задач на кафедре «Общенаучные дисциплины» провели заседание под девизом «Біз біргеміз!», проходившее под председательством заведующей кафедрой, асс.профессора
Сейдилдаевой  А.  На своем онлайн-заседании, преподаватели кафедры поделились друг с другом опытом проведения лекций, семинаров, практических и лабораторных занятий в дистанционной форме, а также обсудили преимущества и недостатки данной формы обучения.

КАК ВОЙТИ В ВИРТУАЛЬНУЮ АУДИТОРИЮ

С 31.03. оп 03.04.2020 г. на площадке Skype были проведены online  вебинары для профессорско-преподавательского состава 6-ти кафедр и  колледжа Академии Граждаской Авиации.  
Организатор вебинара:  методист Офиса развития после вузовских образований и ДОТ Академии  Гражданской Авиации Индира Кубжасарова.
Тема вебинара: Регистрация и  организация конференции в Zoom.us. Система Platonus и преподаватель.  Platonus глазами студента. Вводный курс в сиcтему LMC. Вводный курс в  программу Smart Community (для колледжа) 

«СКУЧАЮ ПО СТУДЕНТАМ И КОЛЛЕГАМ»  


Профессорско-преподавательскому составу Академии гражданской авиации в непростых условиях, объявленного карантина, благодаря своей квалификации, опыту и навыкам удалось быстро и с минимальными издержками перестроить работу на дистанционное обучение студентов. Вот уже три недели на всех кафедрах активно идет учебный процесс в новом формате.
Как и у многих коллег, у профессора кафедры «Организация авиационных перевозок и логистики», доктора технических наук Гульнары Имашевой в эти дни много занятий со студентами. Она ведет предмет «Транспортно-логистические центры и терминальные технологии».
Гульнара Махмутовна говорит, что очень скучает по живому общению со студентами и коллегами по работе и хочет, чтобы, как можно скорее, учебный процесс возобновился в стенах Академии.

0
0
1043

Шығыстың сөнбес жұлдызы - Әбу-Насыр Әл-Фарабидің туылғанына 1150 жыл

“Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, 

жер беті түгелімен берекеге толады”

Әбу Насыр әл-Фараби

Қасиетті 85 жылдық тарихы мол  қаращаңырағымыздың атауы - ұлы ойшыл, философ, шығыс ғүламасы Әбу -  Насыр - Әл -Фарабидің туылғанына 1150 жылдығы . Атаулы ғұламаның өзіннен кейінгі ұрпааққа калдырған өшпен даналық ойлары мен еңбектері біз , яғни жастарға өмірлік азық , құнды халық мұрасы болып қала бермек .  Университетіміздің Басты оқу кітапханасы ғимаратында арнайы шығыстың сөрбес жұлдызы Әбу -  Насыр - Әл -Фарабидің арналған өзіндік ерекшелігі бар жаңа мұражай жұмыс жасап тұр. Мұражайда ойшыл, философ Әбу -  Насыр - Әл –Фарабидің көне қолжазба еңбектері, кітаптары, қанатты сөздері жазылған тақтайшалары, өзге тілдерге аударылған дүниелеріде баршылық . Музейдің негізгі мазмұндық құрылымы – диорамдық кешендері мен жаймасөрелері тақырыптық экспозицияларға бөлінген. Олар: «Көне Отырар – естеліктер қазынасы. Әл-Фарабидің жастық шағы»; «Ұлы Жібек Жолы бойымен»; «Әл-Фараби. Шығыс пен Батыс сұхбаты»; «Әл-Фараби еңбектері – адамзаттың асыл қазынасы. Әл-Фараби және түркі әлемінің ойшылдары»; «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі Қазақстан». 

Мұражай үш тілді ақпараттық дүңгіршектермен, тарихи бейнематериалдар проекциясымен толық қамтылған . Мұражайдың басты қызметтері: өскелең білім алып жатқан жастарға имидждік, ғылыми-инновациялық, тәрбиелік және білім беру. 

Білім алып жатқан шетел елдік студенттерімізге Әл-Фараби мұрасымен , рухани дүниелеріне шолу жасауға үлкен мүмкіндіктердің бірі .

КазҰУ : Филология және әлем тілдері факультеті 

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері

Ғылыми жетекшісі:  доктор PhD Кузембаева Ж.Ж 

Ермаханбет Нүрилә Ринадқызы магис 1 курс 

0
0
988

«Алтын Орда қазақ мемлекеттілігінің бастауы»

Ел президенті Қ.Тоқаев 1269 жылы Талас құрылтайында дербестігі толық мойындалған Алтын Орда (Жошы ұлысы, Ұлық ұлыс) империясының 750 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы мәлімдеген болатын. Бұл идея негізінен Жошының ұлдары Бату хан негізін қалап, Берке хан іргесін бекіткен Алтын Орда Мөңке Темірдің билігі тұсында көтерілген еді. 1269 жылы Талас өзенінің бойына шақырылған Шыңғыс ұрпақтарының құрылтайында бір-бірімен татулықты сақтай отырып, әр хан өз ұлыстарында тәуелсіз саясат жүргізуге өзара мәміле жасасып, өз алдына дербес империя болуға қол жеткізген болатын. Осындай шешім ған болашаққа тура қарауға мүмкіндік беретін еді. Қазіргіміз бен өткеніміздің сабақтастығы да сонда шығар, елдік идеясы, егемендік идеясы сол кезеңде де қазір де өзінің шешімін күтетіні, өзекті болатыны жайлы осы кездесуді ашқан т.ғ.к., ассоц. профессор Булгауов Шотбек Тұрсынбекұлы айта отырып, Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошының өзге балаларға қарағанда ерекше бір қасиетін де айта кетті. 


Жошы өз жерін қорғау үшін тіптен әкесіне де қарсы келген болатын, ол қайткенде «жаулау» керек, қарсылықты «аямай басу» керек, күш көрсету, қыру-жою... керек деген сөзіне ол... ол елді, жерді өртеп жіберсем, қырып жіберсем, сонда кімді басқарамын деген болатын.
Осы аталған шараның мемлекеттік деңгейде атап өтілуі қажет екенін Тоқаев «Біз Алтын Орда негізін қалаушы Жошы ханға міндетті түрде құрмет көрсетуіміз керек. Аса маңызды миссия: бүкіл әлемнің назарын осындай тарихи тұлғаға аудару және оның кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру» қажеттігін айтты – дей келе кафедраның меңгерушісі, п.ғ.к., ассоц. профессор Бейсенбаева Айгуль Калтаевна Алтын Орданың кейінгі кезеңге тигізген ықпалы жайлы айтып өтті. Сол кезеңнен қазірге дейінгі мәдени, экономикалық, саяси және басқа да салалардың сабақтастығы,өзара байланысы жалғасып келгенін айтты. Мемлекеттілік, елдік және тұтастық пен бірлік идеяларының өшпес тұстарына тоқталды.
Айта кету керек, осы дөңгелек столға қатысқан студенттердің қатысуы ерекше ұйымдасқан түрде өтті. Мұнда студенттер өздерінің ойын төрт топқа бөле отырып, сонымен қатар өз көзқарастарын - Бірінші: Алтын Орданың қалыптасуы, Екінші: Орданың гүлденуі және үшіншіден Алтын Орда мемлекетінің ыдырау жайлы пікір алмасты. Төртіншіден Моңғол хандрының ұлыс билігі үшін болан талас-тартыстарын жеке топ ортаға салды. Қатысқан оқытушылар мен студенттер арасында қызу талас-тартыс, өз ойын ашық айту болғанын айту керек. Кездесу басты мақсатына жетті.  


Қатысан профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттер:
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., ассоц. профессор Бейсенбаева А.К.; Акбаева А.Н. ф.ғ.к., ассоц. профессор; Булгауов Ш.Т. т.ғ.к. ассоц. профессор; Мухабаев Н.Ж. аға оқытушы; Маханбетжанова А.Т. аға оқытушы; Богачева М.А. аға оқытушы; Абдуразакова Г.А. аға оқытушы; Акмусава М.И. аға оқытушы.

. 

1
0
2035