Мазмұнға өту
Атырау облысы
50 жазбалар5 тіркелуші

Атырау облысы – Қазақстанның батысында орналасқан аймақ. Аграрлы-өнеркәсіптік инвестициялық аумақ. 1938 жылы Гурьев облысы болып құрылған. Қазіргі атауына 1992 жылы ие болды.

Атыраулық ардагер ұстаз Нұрлыбек Даумов «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атанды

Ұстаздар күнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім беру ісіндегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын тапсырды.


Құрметті атақпен марапатталғандардың қатарында атыраулық белгілі педагог, ардагер ұстаз Нұрлыбек Даумовқа та бар,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Нұрлыбек Даумов өзінің ұстаздық жолында ұзақ жылдар бойы аянбай қызмет етіп, саналы түрде білім мен тәрбие беру ісіне үлес қосты. Оның тәрбиелеген шәкірттері бүгінде түрлі салада табысты жұмыс істеп, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып келеді.

0
0
271

Атырауда Ұстаздар күні мерекеленді

Бүгін М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында «Ұстаздық жол - ізгілік пен адалдық» атты салтанатты жиын өтті. Іс-шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, педагогтерді төл мерекесімен құттықтады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Педагог – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын» деген болатын. Жауапкершілігінің жүгі ауыр осынау қызметте шығармашылық табыс, шалқар шабыт, қажыр-қайрат тілеймін! Бүгінде өңірде білім деңгейінің көрсеткіші артып, оқушыларымыз түрлі дәрежедегі білім додасында алдыңғы қатардан көрініп келеді. Бұл, әрине, сіздердің бала бойына білім шырағданын жағудағы өлшеусіз еңбегіңіздің жемісі. Жылдан жылға облысымызда ізденімпаз, креативті, білімді ұстаздарымыздың қатары көбе…

0
0
171

Дамбы ауылдық округінде амбулатория ашылды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жоба шеңберінде Дамбы ауылдық округінде Амангелді селолық амбулаториясы жұмысын бастады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.Бұл мемлекет басшысының бастамасымен ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде салынған биыл 7-ші нысан. Жалпы ауданы 902 шаршы метрді құрайтын ғимаратта күндізгі стационар, зертхана, физиотерапиялық және басқа да медициналық көмек көрсетуге жағдай жасалған кабинеттер бар.- Бүгінгі қала күнімен тұспа-тұс келген жаңа типтегі Амангелді селолық амбулаториясының ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймыз. Халыққа толыққанды қолжетімді көмек көрсететіндей заманауи жабдықтармен жабдықталған ғимаратта енді тұрғындар қажетті емдерін толық ала алады, - деді облыстық денсаулық сақтау бас…

0
0
134

Атырау облысында «Сарайшық және Еуразияның ортағасырлық әлемі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр

Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай өткізілген жиын Махамбет ауданы «Сарайшық» сапар орталығында ұйымдастырылды. Оған облыс әкімі Серік Шәпкенов және Ресей Федерациясынан, Алматы, Түркістан, Орал, Атырау қалаларынан академик-ғалымдар, археологтар, зерттеушілер, сарайшықтанушылар қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Алқалы жиында аймақ басшысы Серік Шәпкенов тарихы терең Сарайшықты дамытуға, археологиялық зерттеу жұмыстарына облыстық әкімдік әрқашан қолдау білдіретінін атап өтті.- Жошы Ұлысының рухани орталығына айналған қасиетті жерде басталған жиынның тарихымызды зерделеуде маңызы зор деп ойлаймын. Атырау облысы әкімдігі Сарайшықты дамытуға бағыттайтын әр ұсынысты қолдап келеді. Тәуелсіздік алғаннан бастап облыс бюджетінен мұндағы зерттеулер қаржыландырылып, ғалымдарымыз…

0
0
152

Облыс әкімі қарияларды мерекемен құттықтады

Халықаралық қарттар күнінде аймақ басшысы Серік Шәпкенов қаладағы №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, қариялардың жағдайымен танысып, мерекемен құттықтады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.- Сіздерді інілік ізгі ниетіммен бүгінгі мерекемен құттықтай келдім. Қарты бар елді қазынасы бар елге балайтын халықтың ұрпағымыз ғой. «Қарияның сөзі — ақылдың өзі» дейміз. Қарттар тыңдалмаса, жастар қайдан шыңдалсын. Сіздерге құлақ түрейік, бұйымтайын білейік деп ат басын бұрған жайымыз бар. Қарттарға құрмет, қамқорлық бір күнмен ғана шектелмейді. Бұл — мемлекеттің ұдайы назарында. Осы бағытта қолға алынып, іске асып жатқан бірнеше бағдарлама, жолға қойылған жобалар бар. Бұл жерде қанша адам болса, сонша тағдыр бары рас. Талайды көрдіңіздер, білекте күш барында еңбек…

0
0
178

Атырауда полиэфирлі геосинтетикалық материал шығаратын зауыт іске қосылды

«Интаго Қазақстан» ЖШС-і өңірде баламасы жоқ өндірісті іске қосты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев пен кәсіпорын құрылтайшылары қатысты. - Мемлекет басшысының инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында бұл жоба барлық кезеңдерде жан-жақты қолдауға ие болды. Зауыттың ашылуы ішкі нарықты отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді облыс әкімінің орынбасары М.Мурзиев. Бұл ретте кәсіпорын директоры Азамат Асылбеков жобаны жүзеге асыруда көрсеткен көмегі мен белсенді қолдауы үшін облыс әкімдігіне және өз серіктестеріне алғысын білдірді. Оның айтуынша, компания заманауи технологиялардың көмегімен пластиктерді өңдеп, қалдықсыз өнім шығарады. - Полиэфирлі геосинтетикалық ма…

0
0
181

Атырау облысының әкімі Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері мен қатысушыларын құттықтады

18 қыркүйек күні аймақ басшысы Серік Шәпкенов XVII жазғы паралимпиада ойындарының жеңімпаздарымен және қатысушыларымен кездесіп, спорттағы жоғары жетістіктері үшін арнайы марапат табыстады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Биыл паралимпиадаға қатысқан атыраулық спортшылар Зарина Раифова мен Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан қола жүлде алды. - Сіздерді спорт әлеміндегі дүбірлі дода, төртжылдықтың басты бәсекесінің бірі — Париж Паралимпиадасындағы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтап, жастарға жарқын үлгі бола білгеніңізге ризашылығымды білдіремін. Атырау жұрты ел намысы жолында аянбай тер төгіп, биік мақсаттарға көз тіккен өздеріңіздей еңселі перзенттерін мақтан тұтады. Алар асуларыңыз көп болып, қоржыныңыз жүлдеге толсын! Еңбегіңіздің жемісті, жолыңыздың жеңісті болуына…

0
0
203

«ӨҢІРЛІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ» ІРІКТЕУДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СҰХБАТ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ұйымдастырылған Өңірлік кадр резервінің «Құрылымдық сұхбат» кезеңі аяқталды.Аталған резервтің мақсаты – өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарта отырып, өңірде жаңашыл ойлайтын көшбасшылар мен жас басқарушылар тобын қалыптастыру.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп өткізілген іс-шараға облыс әкімі, комиссия төрағасы Серік Шәпкенов қатысып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.Сұхбатқа қатысқан үміткерлер өздері таңдаған салалық бағыттары бойынша, атап айтқанда экономика және қаржы, индустрия және өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, әлеуметтік салалар бағытында жоба қорғап, комиссия мүше…

0
0
326

130 ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бойынша тиісті жұмыстар атқарылған.Осы тұста, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 2024 жылдың І жартыжылдығында бақылау іс-шараларының нәтижесінде 411 заңнама бұзушылығы анықталып, тиісті шаралар қабылданған.Бұл орайда 130 қатардағы мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалып, 34 қызметкердің әлеуметтік-еңбек құқықтары қалпына келтірілген екен.Аталған мәселелерді Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Ермаханбетов атап өтіп, облыстағы мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылмауы, әлеуметтік құқықтары мен заңнамамен кепілдік берілген төлемақыларының сақталуына үнемі бақылау жүргізіл…

0
0
183

ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мемлекет Басшысы Жарлығымен бекітілген Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленген Ұлттық даму жоспарында дамудың жаңа моделінде мемлекеттік мүдделер азаматтың айналасында тоғысатындығы айқындалып, оны қалыптастыру игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу, адами капиталды дамыту, мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдауы және олар үшін қоғам алдындағы жауапкершілік секілді 7 негізгі қағидатқа негізделген.Осы тұста, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша жыл басынан бастап 70-ге жуық арыз-шағымдар құзыреті шегінде қаралып, нәтижесінде 30-ға жуық азаматтардың құқықтары қалпына келтірілген.Бұл туралы Департ…

0
0
203