Мазмұнға өту
Атырау облысы
50 жазбалар5 тіркелуші

Атырау облысы – Қазақстанның батысында орналасқан аймақ. Аграрлы-өнеркәсіптік инвестициялық аумақ. 1938 жылы Гурьев облысы болып құрылған. Қазіргі атауына 1992 жылы ие болды.

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Қызылқоға ауданының тұрғындарымен кездесті

Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен алдағы даму жоспары талқыланды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Серік Шәпкенов алдымен Қызылқоғада жүріп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, жыл аяғына дейін аудан сапалы ауыз сумен 100% қамтылады.- Тоғыз елді мекенде (Соркөл, Сарқұмақ, Қоғам, Тасқұдық, Аққора, Қоңыраулы, Былқылдақты, Кенбай, Қоңыстану) ауылішілік су құбыры желісі жүргізілуде. Ал Мұқыр ауылының екінші көтермелі су айдау стансасын қайта жаңғырту жұмыстарын жыл аяғына дейін бітіреміз. Жұмыстар жіті бақылауымда. Одан бөлек, биыл «Кереген-Сағыз-Жамансор» топтық су құбырын реконструкциялау және Миялы ауылына жазғы су құбырының құрылысын аяқтау жоспарланды,-деді С.Шәпкенов.Аймақ басшысы кездесуде азаматтарды тұрғын үймен қамту мәселесіне…

0
0
168

Биыл Атырау облысы әкімі гранты арқылы оқыған 13 дәрігер жұмысқа орналасты

Атырау облысы әкімінің гранты арқылы резидентурада білім алған 13 дәрігер аймақтағы түрлі медициналық мекемеге жұмысқа орналасты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.Өңірде дәрігер тапшылығы мәселесін шешу үшін 2017 жылдан бері Атырау облысы әкімдігінен 616 грант бөлінген. 2018 жылдан бастап резидентура бағдарламасы бойынша білім аламын деген мамандарға да грант қарастырылған. Облыс әкімдігінің гранты арқылы резидентураны оқып, Атырауда жұмыс істеп жатқанның маманның бірі – Қуаныш Құбайдоллаұлы. Қазір ол облыстық кардиологиялық орталықта қызмет етеді. - 2021 жылы облыс әкімдігінің грантына ие болып, Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы медицина университетінде білім алдым. Нақтырақ айтқанда, реаниматолог мамандығы бойынша резидентурада оқып келдім. Қазіргі уақытта облыстық к…

0
0
186

Сүйінішбек Әбуғалиев «Атырау облысының Құрметті азаматы» атанды

Облыс әкімі Серік Шәпкенов бұрғылау ісінің шебері, жер қойнауын барлаудың үздігі Сүйінішбек Әбуғалиевті қабылдады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Жиында Сүйінішбек Әбуғалиевке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №113-VIII шешімімен «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.- Бұл марапат – барлау ісіндегі көп жылдық еңбегіңіз бен зор кәсіби шеберлігіңіздің лайықты бағасы. Салаға қосқан үлесіңіз облыстың дамуына, болашағына үлкен ықпал етті. Сіздің жүріп өткен өрнекті өмір жолыңыз әрқашан жас ұрпаққа үлгі болып қала береді. Халқымыздың кемел келешегі жолында ұзақ жылдар бойғы атқарған адал да мінсіз қызметіңіздің жемісін көруге жазсын. Ғибратты ғұмырыңыз баянды, асар асуыңыз биік, көрер қызығыңыз…

0
0
317

Мемлекеттік сатып алу жүйесі қалай өзгереді: Қаржы министрлігі қолға алынған өзгерістер жайлы түсіндірді

Атырауда мемлекеттік сатып алу саласында жүргізіліп жатқан реформаларды талқылауға арналған кездесу өтті. Оған Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарының іскер азаматтары қатысты. Мемлекеттік сатып алу бағытында қолға алынған өзгерістер туралы мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ «Атамекен» өңірлік ҰКП өкілдері ақпарат алды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі жариялады , - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аталған кездесуде ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев пен Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов тиісті реформаның 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетінін айта келе бұл өзгерістерге уақыт ұттырмай қазірден дайындалу қажет екенін жеткізді.Мемлекет басшысы қол қойған заңды шартты түрде 4 үлкен бөлім…

0
0
172

Атырауда «Тауарларды жергілікті қамту: елдің және саланың стратегиялық дамуы» атты семинар өтті

Мұнай-газ саласы өкілдерінің басын қосқан алқалы жиынға облыс әкімі Серік Шәпкенов, Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Серік Шәпкенов өңірде жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар пайдаланатын құрал-жабдықтың жартысын жергілікті мекемелер шығаратынын айтып, көрсеткішті жоғарлатуда бірлескен жұмыстар атқару қажеттігін атап өтті.- Атырау облысы индустиралды дамуы үшін бір орында тоқтамай, өсуіміз керек. Шетелдіктердің жасайтын нәрсесі біздің өндірушілердің де қолынан келеді. Облыстық әкімдік жергілікті қамтуды одан әрі дамыту және мұнай-газ компаниялары үшін отандық тауарлар жеткізу мен қызмет көрсетуді арттыру мақсатында ірі операторлармен алдағы бес жылға тауарлар, жұмыстар, қызметтер және қазақстандық мамандар үлесі нысаналы инди…

0
0
195

№19 Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясы 14 қазаннан бастап оқушыларды қабылдайды

Атырау қаласындағы «Авангард-2» ықшам ауданында орналасқан Қ.Сәтбаев атындағы №19 мектеп-гимназиясында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Білім ордасында 1 мыңнан аса оқушы білім алатын болады. 1-2 ауысым өзіміздің оқушыларды қамтыса, үшінші ауысымда №30 мектеп-гимназиясының 5-11 сынып аралығындағы орыс тілді сыныптар оқиды. Оқу кабинеттері білім беру процесін жүргізуге дайын -, деді №19 мектеп-гимназиясының директоры Ақылбек Мырзағалиев.

Айта кетейік, мұнда жалпы 40 оқу кабинеті, 2 спорт зал мен 120-дан аса оқушыға арналған асхана бар.

0
0
274

Аймақтағы референдум учаскелерінде ардагер педагогтарды мерекемен құттықтады

Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтті. Тарихи оқиға қазанның бірінші жексенбісінде атап өтілетін Ұстаздар күнімен тұспа-тұс келіп отыр,- деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырау облысының референдум учаскелерінде дауыс берушілердің арасында білім беру саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаздар да бар. Кәсіби мерекеге орай дауыс беру учаскелерінде шағын салтанатты іс-шаралар өтеді. Ардагерлерді мерекесімен құттықтап, оларға көп жылдық еңбегі мен аймақтың дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хат беріледі.Келешек ұрпаққа сапалы білім беріп, тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздарға ерекше көңіл бөлінеді. Олар ел үшін осындай маңызды референдумға қатысудың маңызын айтып, жастар тәрбиешісі ретіндегі дауысы демократиял…

0
0
178

Атырау облысындағы білім беру ұйымдарына 1 мың дана интерактивті панель сатып алынды

Қазіргі уақытта заманауи панельдер Атыраудағы 7 аудан мен облыс орталығында орналасқан білім беру ордаларына таратылып жатыр. Осылайша мектептер мен колледждердегі интерактивті тақталардың саны 2 мыңға жуықтады. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов айтты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Нақтырақ айтқанда, 500 данасы Атырау қаласындағы мектептерге тиесілі болса, Индер ауданына 45-і жіберіледі. Ал Исатай мен Махамбет аудандарына 60 данадан беріледі. Құрманғазы ауданына - 57, Қызылқоғаға – 56, Жылыойға - 50, Мақатқа – 39-ы табысталады. Ал облыстық гимназия мен лицейлерде – 83-і, қалған 50-і кәсіби техникалық білім беру ұйымдарында жұмыс істемек. Нәтижесінде Индер, Махамбет ауданындағы және облыстық гимназия мен лицейлердегі интерактивті панель та…

0
0
128

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов АЭС салу туралы референдумда өз таңдауын жасады

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов №8 референдум учаскесіне барып, Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу туралы республикалық референдумда дауыс берді,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

0
0
197

Атырау облысында АЭС құрылысына қатысты 283 сайлау учаскесі жұмыс істеді

Аймақта дауыс беру құқығына ие азаматтардың саны – 411 880. Процесстің ашықтығы мен заңдылығын бақылайтын 7 ұйым акредиттелген. Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Өңірде 283 референдум комиссиясы жұмыс істейді. Оның 9-ы – аумақтық, 274-і – учаскелік. Жалпы комиссияларда 2037 мүше бар. Дауыс беру процессі вахталық қалашықтар да өтіп жатыр. Бұл жұмысты 38 учаскелік комиссия жүзеге асыруда. Барлық учаске материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Атырау қаласы мен аудандарда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 100-ге жуық инватакси ұйымдастырылған. 15-ке жуық сурдоаудармашы жұмыс істейді. Учаскелерге тактильді белгілер орнатылған. Көзі нашар көретін сайлаушылар аудионұсқаны тыңдағаннан кейін тр…

0
0
149