Мазмұнға өту
Алматы қаласы
65 жазбалар3 тіркелуші

Алматы – Қазақстанның ең үлкен қаласы. 1929 жылдан 1997 жылдың аяғына дейін еліміздің астанасы болды. Қазір ол – республикалық маңызы бар қала.

Рухани құндылыққа, қазақтың салт-дәстүріне діни ағым өкілдері неге жау?

Соңғы кездері осы мәселе күйіп тұр. Кейбір діндарлар әр жерде әртүрлі нәрсені айтып, халықтың түсініспеушілігін, тіпті наразылығын тудыруда. Олардың мұндайды қандай мақсатпен айтатынын біз білмейміз, бірақ жұртқа «адаспаңдар» деп алып, өздерінің шатасып жүргені хақ.Фотоколлаж: adyrna.kzҚазақтың қасиетті домбырасын харам дейді, инабаттылықты дәріптейтін әдемі дәстүрлеріміз – беташарды, келіннің сәлем салуын және тағы басқаларды шариғат заңына қайшы дейді. Әйтеуір, қай-қайсысы да халықты ұлттық құндылықтарымыздан, салт-дәстүрлерімізден аулақ жүруге үндеуге бейіл. Біз осы тұрғыда белгілі этнограф Болат Бопайұлымен әңгімелескен едік. Ол жоғарыда аталған рухани дүниелеріміздің мән-маңызына тоқталып, бұлардың бір күнде пайда болмағанын атап өтті.«Қазақ халқының рухани құндылықтары мен салт-дәст…

1
0
1603

Зайырлылық ұғымын неге атеизммен шатастырып жатады?

Бірден айтайық, зайырлылық атеизм емес, атеизм зайырлылық емес. Бірақ кейде осы екі ұғымды шатастырып алып жататынымыз бар. Ал қарапайым тілмен айтқанда, атеизм – ешқандай дінді мойындамау, зайырлылық – діни сенім бостандығы, демократия, толеранттылық.Фотоколлаж: kazislam.kzБұл жерде зайырлылықтың діннен бейтарап болуын, яғни оның дінге, діннің оған бағынбауын кейбіреулер атеизм деп түсінетін сияқты. Аталған екі ұғымды шатастыру негізінен содан келіп шығады.Зайырлылық діни сенім бостандығын көздегенімен, бұл тұрғыда жұрттың бәрі беталды кету керек дегенді білдірмейді. Оның да мемлекет тарапынан реттелетін жерлері бар. Яғни Қазақстан заңдары тіркелген діни бірлестіктердің ғана жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Елімізде 100-ден аса ұлт өкілдері ғана емес, әртүрлі діни конфессия өкілдері де ру…

0
0
51664

Діни экстремизм дегеніміз не?

Сурет: sarkan-gazeta.kzБіз «Дін – апиын» деп Ленин жазғанын оқып өстік. Бірақ ол бұл сөзді Карл Маркстен алған. Ал зерттеушілер бұл Маркстің де төл сөзі емес деп жүр. Жарайды, ол жағы бізге енді маңызды да емес.Негізі, Маркс «дін – халықтың апиыны» дегенде оны апиынның тыныштандыратын, ауруды басатын, яғни емдік қасиетіне байланыстырып айтқан көрінеді. Ленин соны бұрмалап жіберген.Діни экстремизм дегеніміз асыл дінімізді осылай бұрмалаушылардан, бұзушылардан келіп шықты ғой. Әйтпесе, Ислам болсын, Құдайға құлшылық ету жолының қай-қайсысы да адам өлтіруді, кісі ақысын жеуді, оның жолында қантөгіс жасауды дәріптемейді. Мұны діндарлар да, осы саланы зерттеушілер де айтудай-ақ айтып келеді. Алайда, өкінішке қарай, діни фанатизмнің жолына айнымастай болып түсіп алғандар осындай жөнге салар сөз…

0
0
2849

Алматыда кәріз қақпағын ұрлау мен арықтарды қоқысқа толтыру тыйылар емес

Қала коммуналшылары тұрғындардың арық пен кәріз құдықтарын неге толтырып тастайтынын айтып берді. «Алматы Су» МКК ақпараты бойынша, кәріз люктерін ұрлау қалада барлық жерде байқалады. Соңғы оқиға Шапағат шағын ауданда болды.  Ағымдағы жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында мердігер ұйым кепілдік міндеттемелері аясында 8 люк қақпағын орнатты, олардың бір бөлігі ұрланған және бүгінгі күнге дейін ұрлық жалғасуда. Мердігер люк қақпақтарын 25 мамырға дейін қалпына келтіреді.«Ұрлық қалалық инфрақұрылымға ауыр зардаптар әкеледі. Кәріз желілерін бітеп тастайтын қоқыс ашық құдықтарға түседі», - деп шағымданады «Алматы Су» МКК. Тасталған қоқыстардың ішінде: сынған термометрлер мен мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, аэрозольдер, электронды құрылғылар, флуоресцентті шамдар, резеңке бұйымдар, жиһаз және…

0
0
2218

Ертеңнен бастап Шымбұлақта аспалы жолдар жабылады

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аспалы жолдар уақытша жабылады.

undefined

Курорт өкілдері бұл туралы өткен айдың соңында ескерткен еді. Онда Шымбұлақтағы профилактика күндері мынадай уақыт аралықтарына белгіленген:

✅ 13 мамыр - 2 маусым аралығында «Медеу-Шымбұлақ» арқан жолы жабық болады
✅ 13-31 мамыр аралығында - «Комби-1» және «Комби-2» арқан жолдары жабық болады
✅ ККД-4 штаттық режимде жұмыс істейді

12 мамырдан кейін Шымбұлаққа тек эко-автобустармен немесе таксимен көтерілуге болады. “Медеу-Шымбұлақ” автожолы дүйсенбіден сенбіге дейін 9:00-ге дейін және 18:00-ден кейін ашық болады. Жексенбі күні шектеусіз жұмыс істейді.

Туристердің жаяу жорықтарына шектеу жоқ.

0
0
2039
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз