Мазмұнға өту
Жетісу облысы
20 жазбалар3 тіркелуші

Жетісу облысы – Қазақстанның оңтүстік-шығысында 2022 жылы бұрынғы Талдықорған облысының негізінде құрылған аймақ.

АЛАКӨЛ ЖАҢА ТУРИСТІК МАУСЫМҒА ДАЙЫН: ЖЕТІСУДАҒЫ 10 ОҢ ӨЗГЕРІС

Биыл шомылу маусымына қарай жаңарған инфрақұрылымы бар, ыңғайлы көлігі қарастырылған, қауіпсіздік шаралары күшейтілген Алакөл туристерді қарсы алуға дайын, - деп хабарлайды Жетісуоблысы әкімінің баспасөз қызметі.

Осы орайда назарларыңызға жаңа маусымның 10 басты игілігін ұсынамыз:

  1. Үшарал қаласы бағытында әуе рейстерінің саны артты. Енді Алакөлге күн сайын Астана және Алматы қалаларынан «Алматы-Үшарал» және «Астана-Үшарал» бағыттары арқылы жетуге болады. Мемлекет тарапынан субсидияланған билеттер құны - небәры 20 000 теңге. Әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңартудың арқасында Үшарал қаласында ірі әуе кемелерін қабылдауға жағдай жасалған.
  2. Жазғы шомылу маусымына қарай қосымша пойыздар іске қосылды. Көлге 13 пойыз жүреді, оның ішінде Астана мен Алматыдан «Тальго» жүрдек пойызы да бар. Өскемен, Павлодар, Қызылорда, Семей және Ақтоғай бағыттары қосылды.
  3. Ақши және Көктұма ауылдарына автобус маршруттары ұйымдастырылды. Алматыдағы «Сайран» және Талдықорғандағы автобекеттерден автобустар тұрақты жүреді. Билет құны - 5 000 теңгеден 9 000 теңгеге дейін.
  4. Ақши ауылында дәрігерлік амбулатория, дәріхана және тәулік бойы Жедел жәрдем жұмыс істейді. Облыс орталығынан хирургтар, кардиологтар, травматологтар және басқа да мамандар іссапарға жіберіледі.
  5. Судағы қауіпсіздікті және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін биылғы шомылу маусымында Ақши ауылында тәулік бойы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшелерінің кезекшілігі ұйымдастырылады. 19 құтқарушы мен қосымша 28 полиция қызметкері жағалауда тәртіпті қамтамасыз етеді. Құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін 9 құтқару мұнарасы орнатылады.
  6. Тыйым салынған жерлерде су көліктерінің бақылаусыз қозғалысы мәселесін реттеу мақсатында Жетісу облысында Суды ортақ пайдалану ережесі бекітілді. Ережелердің сақталуын көліктік бақылау инспекциясы жүргізеді, бұл ретте инспекторлар саны ұлғайды. 3 су көлік тұрағы және құқық бұзушыларға арналған арнайы 1 айыппұл тұрағы болады.
  7. Байланыс пен Интернеттің сапасын арттыру мақсатында жағалауда 16 базалық станция жұмыс істейді, 2024 жылы оптикалық-талшықты желі тартылды. Интернет байланысына туристік нысандар кезең-кезеңімен қосылуда.
  8. Сондай-ақ жағалаудың санитарлық инфрақұрылымын жақсарту үшін бірқатар шаралар қабылдануда. Бүгінге дейін 11 санитарлық-гигиеналық торап қойылған, маусымның соңына дейін тағы 12-сі қойылады. Қосымша 60 қоқыс жәшігі қойылып, 20 биотуалет орнатылады.
  9. Ақши ауылында кәріз-тазарту құрылысы бастады, бұл – өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген маңызды қадам.
  10. Электрмен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жаңа «Ақши» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде, биыл Бескөлден Ақшиге дейін жоғары вольтты электр беру желілерін салу жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ, Көктұма және Ақши ауылдарында жағалауды нығайтудың ауқымды жұмыстары басталды.

Жетісу облысының Алакөл демалыс орны туризмнің ең танымал бағыты ретінде үнемі даму үстінде. Оған көлікпен бару мүмкіндігін кеңейту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жағалаудың экологиялық инфрақұрылымы мен заманға сай қолайлы жағдай жасау – қазақстандықтар мен шетелдік туристер үшін көл жағалауында демалуды жайлы ете түседі.

0
0
286

«Жетісу» волейболшы қыздары Азияның клубтық Чемпиондар лигасындағы тұңғыш алтын медалін иеленді

«Жетісу» Филиппин елінде волейболдан әйелдер командалары арасында өткен Азияның Чемпиондар лигасында топ жарды. Ақтық сында талдықорғандық спортшылар вьетнамдық «Бин Дьен Лонг» командасын 3:1 есебінен ұтып, өз тарихында тұңғыш рет Азия Чемпиондар лигасының алтын медаліне қол жеткізді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Еске салсақ, «Жетісу» командасы бұған дейін Азияның клубтық Чемпиондар лигасына тоғыз рет қатысып, екі мәрте – 2010 және 2013 жылдары күміс медаль алған болатын. Ал биылғы чемпионатта алтыннан алқа тағып, осылайша жетісулық команда алдағы қыркүйекте Таиландта өтетін клубтық Әлем чемпионатына жолдама алды.

Атап өтсек, Азия Чемпиондар лигасына Қазақстан, Таиланд, Филиппин, Қытай, Вьетнам, Қытай, Гонконг, Иордания және Иранның үздік әйелдер клубтары қатысқан болатын.

0
0
231

Жетісу облысында Президенттік Жаңа жыл шыршасына 200 бала қатысты

Бүгін Талдықорғанда ел Президентінің балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Жаңа жыл шыршасы өтіп, онда аудан-қалалардан келген 200 баланы облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады,- деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Жастар» Спорт сарайында өткен мерекелік шараға көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасыларынан шыққан балалар, жетім балалар, ерекше қажеттілігі бар балалар, оқу озаттары, өнерлі өрендер келді.

Мерекелік шара флешмоб биімен басталды. Мұнан соң экранда ел Президентінің фотосы мен балаларды Жаңа жылмен құттықтауы көрсетілді.

Балаларға құттықтау тілегін жеткізген облыс әкімі:

- Жаңа жыл көңілге қуаныш, жүрекке үміт сыйлайтын, игі арман-тілектер еселенетін мереке. Сондықтан әрқашан армандарың асқақ, алар асуларың биік болсын дегім келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Кемелұлы Тоқаев өздеріңді ыстық ықыласпен құттықтап, жақсы тілегін білдіруде. Мен өз замандастарының ішінде мол білімімен, жарқын өнерімен алда жүретін жетісулық бүлдіршіндердің болашақта ел игілігі үшін аянбай қызмет ететін азамат болып өсетіндігіне сенімім мол, - деді ол.

Бұдан әрі шырша шамы жағылып, облыс әкімі балалармен бірге шыршаны айналып, қуаныштарын бөлісті. Балаларға Президенттің атынан Жаңа жылдық сыйлықтар, атап айтқанда планшет, рюкзак, жаңа жылдық тәттілер, құттықтау хатын тапсырды.

Түрлі өнер ұжымдары, аниматорлар, колундар, ертегілер мен мультфильмдер кейіпкерлері мерекелік қойылымдарын көрсетті. Балаларға түрлі ойындар ұйымдастырылып, тәтті дәмдер ұсынылды.

Бүгінгі мерекеге келген балалар тамаша көңіл күйде пікір білдірді.

- Мен көп балалы отбасынан шыққан оқу озатымын. Үйде 8 қызбыз, бәріміз бір-бірімізбен татумыз. Бүгінгі Президенттің жаңа жыл мерекесі өте көңілді өтіп жатыр. Барша достарымды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын, - деді Панфилов ауданы Басқұншы ауылындағы мектептің оқушысы Айша Алжанбек.

«Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушісі Людмила Ким:

- Бүгінгі мереке маған өте ұнады. Көпшіліктің алдына шығып, тілегімді айттым. Бізге Жаңа жылға планшет сыйға тартты. Шырша тойы бізге көтеріңкі көңіл күй сыйлады, - деді ол.  

Сәкен Әбілмансұр, Талдықорған қаласының № 16 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы:

- Мен «Алтын сақа», «Ақбота», «Кенгуру» олимпиадаларының жеңімпазымын. Бүгінгі мерекеге қуана-қуана келдім. Аяз Атамен, Ақшақармен, түрлі ертегі кейіпкерлерімен бірге ән айтып, билеп, ойын ойнап, Жаңа жылды көтеріңкі көңіл күймен тойладық, - деді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Жеңіс Ысқабай

0
0
360

Жетісу облысында әлеуметтік осал топтар санатындағы 57 отбасы үйлі болды

Жетісу облысында әлеуметтік осал топтар санатындағы 57 отбасы  баспаналы болды. Атап айтқанда, Талдықорғанда 37 жаңа пәтердің, Сарқан қаласында 20 жеке тұрғын үйдің кілттері тапсырылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сарқан ауданы әкімдігінің хабарлауынша, аудан орталығында баспана салу мәселесіне соңғы жылдары баса назар аударылып, ауқымды жұмыстар атқарылуда.

- 2022 жылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін 5 қабатты 50 пәтерлі үй, өткен жылы «Болашақ» шағын ауданында екі қабатты 20 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді. Бұған қоса, ауданның әлеуметтік осал топтағы азаматтары үшін 24 тұрғын үй сатып алынып, берілді. Бүгін 20 үйдің кілті тапсырылса, бұдан бөлек, жақын арада осы типтегі 30 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі, - дейді Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Әсет Қанапиянов.

Осы күні жаңа үйге ие болғандар қатарында жетім балалар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, көп балалы аналар, толық емес отбасылар, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендер бар.

Сарқандық көп балалы ана Толқын Мантекова қоныстой қуанышына кенелгендердің бірі.

- Тұрғын үй кезегіне 2019 жылы көп балалы ана ретінде тұрғанмын. Бүгін жаңа жыл қарсаңында арманымызға жетіп, үйлі болдық. Мемлекет тарапынан берілген үй кең, жайлы, қолайлы. Баспаналы болғанымызға әсіресе балаларым ерекше қуанып жатыр, - дейді.

Облыс орталығы Талдықорған қаласындағы «Құлагер» шағын ауданынан жаңа пәтерге ие болған Жанар Болатбекова да ой бөлісті.

 - Бүгін көптен күткен пәтерімізді алдық. Мүгедектігі бар баламыздың денсаулық жағдайына қолайлы жаңа пәтерге ие болғанымызға қуаныштымыз. Кезекте 10 жылдан аса уақыт тұрып, осы күнді күттік. Сол күнге де жеттік, рақмет, - деді Ж. Болатбекова.

Жалпы Жетісу облысында биыл тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы 56 көп қабатты мен 214 жеке тұрғын үй салуға бағытталды. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 866 пәтер сатып алынды, оған 15,9 млрд. теңге бөлінді

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсіргендер: Олжас Құрмашев, Қанат Байдрахымов

0
0
341

Жетісуда әлеуметтік объектілерді жаңарту деңгейі 50%-ға жетті

Жетісу облысы құрылғаннан бері жөндеу мен жаңа құрылыс жүргізудің арқасында объектілерді жаңарту 50%-ға жетті. Мысалы, білім беру саласында 5310 орынды 15 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 19 нысан күрделі жөндеуден өтті. Ал денсаулық сақтау саласында 98 нысан іске қосылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бейбіт Исабаев өз баяндамасында әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсартудың жай-күйіне тоқталды. Оның айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 2023 жылы басталған 1800 орынды 2 мектептің біреуі биыл қолданысқа берілсе, екіншісінің құрылысы келесі жылы да жалғасады. Жалпы 2025 жылы 7 мектеп салу жоспарланған. Соның нәтижесінде жөндеуге жататын 95 мектептің 38-і немесе 40%-ы жаңартылады.

Ал денсаулық сақтау саласында соңғы үш жылда 98 нысан пайдалануға берілсе, соның 31-і жаңадан салынған, 61 блокты-модульді медициналық кешендер орнатылып, 6 нысан күрделі жөндеуден өтті. Биылғы жылдың өзінде 51 нысан бой көтерген, соның 25-і жаңа құрылыс, 26-сы – блокты-модульді конструкция.

– Айта кету керек, біздің облыс блокты-модульді медициналық кешендерді орнату тәжірибесін алғашқылардың бірі болып кеңінен қолдана бастады. Келесі жылы тағы 69 нысанды қолданысқа беру жоспарлануда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста жөндеуге жататын 292 денсаулық сақтау нысанының 167-і немесе 57,2% жаңартылады, - деді Б. Исабаев.

Мәдениет саласында 2022-2024 жылдары 12 мәдениет үйі пайдалануға беріліп, 10 нысан күрделі жөндеуден өткен. Келесі жылы тағы 7 нысан пайдалануға беріліп, жаңару деңгейі 33,3%-ға жетеді.

Ал спорт саласына келсек, облыс әкімінің мәліметінше, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорт кешендері, күрес залдары, стадион сияқты жалпы 18 нысан іске қосылып, 10 блокты-модульді спорт кешені орнатылды. Сонымен қатар Талдықорғанда Қазақстанда баламасы жоқ «Жетісу» волейбол орталығы және инвестор есебінен спортшыларға арнап салынған төрт қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Оған қоса жақында инвестордың қаржысына Үстел теннисі орталығы ашылды.

- Соның нәтижесінде нысандардың 74,4% жаңартылып, халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 1000 адамға шаққанда 64%-ға жетті, - деді өз сөзінде облыс әкімі.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев

0
0
299

Биыл Жетісуда 2708 пәтер салынды және сатып алынды

Жетісу облысында биыл тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы 56 көп қабатты мен 214 жеке тұрғын үй салуға бағытталды. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 866 пәтер сатып алынды, оған 15,9 млрд. теңге көзделген. Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы апатты тұрғын үй мәселелерін шешуге ерекше назар аударылатынын атап өтті. Оның айтуынша, 2023 жылдың басында облыста 348 пәтер апатты деп танылып, өткен жылы 1,3 млрд. теңгеге 137 пәтер сатып алынған. Ал биыл жергілікті бюджеттен бөлінген 2,4 млрд. теңгеге 155 жаңа пәтер, атап айтқанда, Кербұлақ ауданында, Текелі және Талдықорған қалаларында сатып алынды. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ демеушілерінің есебінен 560 пәтерлік 9 үй салынуда.

- Жалпы биыл 2 708 пәтер салынды және сатып алынды, оның 1113 пәтерлік 129 үйі бюджет есебінен, 469 пәтерлік 9 үй - коммерциялық тұрғын үй, 866 пәтер тұрғын үй сатып алу арқылы, 260 пәтерлік 4 үй демеушілер есебінен, - деді Б. Исабаев.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев

0
0
312

Жетісуға биыл 2 миллионнан астам турист келді

Жетісу облысында туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған белсенді жұмыстар туристер санының өсуіне ықпал еткен. Соның нәтижесінде биыл өңірге 2,0 миллионнан астам турист келді. Бұл жайында бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

- Өздеріңізге белгілі, жер жәннаты Жетісуда көптеген туристік орындар бар. Солардың ішінде Алакөл өңірдің інжу-маржаны саналады. Сондықтан көл жағалауындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуды қолға алдық. Кәріз тазарту жүйесінің, «Бескөл-Ақши» электр желілерінің құрылысы басталды. Бүгінде Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы, «Талдықорған-Үшарал» автожолы қайта жаңартылып, «Тальго» жүрдек пойызы іске қосылды. Жыл сайын туристер санының артуына байланысты Үшарал әуежайының өткізу қабілетін сағатына 50-ден 125 жолаушыға дейін ұлғайту үшін қосымша терминал салудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде, - деді облыс басшысы.

Бейбіт Исабаевтың айтуынша, Жетісу облысының туристік әлеуетін көтеретін екінші бағыт – Балқаш көлі. Балқашқа дейінгі 132 шақырым жолдың 122 шақырымында құрылыс аяқталды, қалған 10 шақырымы 2025 жылғы туристік маусымға дейін толық пайдалануға беріледі. Сонымен қатар көл жағалауына инженерлік инфрақұрылым тартылуда, бұл мақсатқа 2024 жылға республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге бөлінді. Келесі жылдың соңында жобаны аяқтау жоспарлануда.

Сол сияқты Бейбіт Исабаев өз сөзінде экологиялық туризмді дамыту жайына да тоқталды. Атап айтқанда, шаңғы-биатлон кешенін салудың жобалық құжаттамасы әзірленген. Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі жолды жөндеуге келесі жылға республикалық бюджеттен 3,3 млрд. теңге қарастырылды. Сарқан ауданында Жасылкөлге дейінгі жолдың жөндеу жұмыстары биыл толық аяқталып, Тополевка ауылында жаңа визит-орталық ашылады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев

0
0
316

251

Қорғас желісі мен «Достық» станциясы – Жетісудың экономикалық өсу нүктелері

Бүгінгі күнге дейін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында және «Қорғас» ШЫХО-да құны 63,3 млрд. теңге болатын, екі мың жұмыс орны бар 27 жоба іске асырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

- Облыстағы экономикалық өсу, әрі инвестиция тарту нүктелері - Қорғас желісі мен «Достық» станциясы. Қытаймен шекаралас бұл аймақтардың көлік-логистикалық әлеуеті зор. Осы орайда инвестиция тарту, жүк легі мен транзитті ұлғайту, өткізу пункттерін жаңғырту бағытында тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді, - деді Б. Исабаев. 

2027 жылдың соңына дейін 1,1 трлн-ға 79 жобаны іске асыру жоспарлануда, оларда 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылады, соның ішінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да жүк және жолаушылар әуежайын салу бойынша Қазақстан-Германия бірлескен жобасы іске асырылуда.

Өңір басшысының айтуынша, «Достық» станциясында қуаттылығы жылына 350 мың контейнер болатын «Dostyk Trans Terminal» көпфункционалды жүк тасымалдау терминалының 3-ші және 4-ші кезеңінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ «Евротранс Групп» ЖШС-ның қолданыстағы логистикалық жүк тасымалдау терминалы ауданы 40 гектар және құны 50 млн. АҚШ доллары болатын уақытша сақтау қоймасын салуға дайындық жұмыстарын атқарылып жатыр. Кеден саласын одан әрі дамыту үшін осы жылдың қаңтар айында станцияда тәулігіне 200 автомобиль өткізуге қабілетті «Dostyk Customs Service» уақытша сақтау жаңа терминалы ашылды.

- «Үшарал-Достық» жолын реконструкциялаудың аяқталуына байланысты халықаралық жүк айналымының легі ұлғайды және кеден пункттерін кеңейту қажеттілігі туындады. Мәселен, «Алакөл» автомобиль өткізу пунктінің қозғалыс жолағын 2-ден 6-ға дейін кеңейту жұмыстары аяқталуда, соның арқасында көлік құралдарын өткізу қабілеті тәулігіне 200-ден 1600-ге дейін артады, - деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек, «Достық-Мойынты» темір жолының құрылысы жүргізілуде. Жоба «Достық» станциясының өткізу қабілетін 5 есеге, яғни  12-ден 60 пойызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

0
0
293