СПФ(SPF) деген не?
Күннен қорғайтын иісмай, лосьондардың сыртында бізге түсініксіз SPF деген үш әріп жазулы тұрады. Ол не? Және оның саны қандай болуы керек? SPF – ағылшынның Sun Protection Factor (күн қорғанысының факторы) тіркесінің аббревиатурасы. Бұл фильтр теріңізді күн сәулесінің зиянды әсерінен қорғап, қанша уақыт күн астында жүруге болатынын анықтауға көмектеседі. SPF фильтрінің саны 15 болса, демек күн астында ең кемі 105 минут жүруіңізге болады. SPF фильтрі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жақсы. Адамның терісі күн астында 10 минут жүргеннің өзінде қызарып бастайды. Сол себепті жағажайға бармасаңыз да, жазда бір жерге шығудың алдында SPF фильтрі бар иісмай жаққаныңыз абзал. SPF санының көлемі қалай бөлінеді? 1. Аз мөлшердегі қорғаныс – 2-5 SPF; 2. Орташа мөлшердегі қорғаныс – 6-11 SPF; 3. Жоғары мө…
