СПФ(SPF) деген не?

Күннен қорғайтын иісмай, лосьондардың сыртында бізге түсініксіз SPF деген үш әріп жазулы тұрады. Ол не? Және оның саны қандай болуы керек? SPF – ағылшынның Sun Protection Factor (күн қорғанысының факторы) тіркесінің аббревиатурасы. Бұл фильтр теріңізді күн сәулесінің зиянды әсерінен қорғап, қанша уақыт күн астында жүруге болатынын анықтауға көмектеседі. SPF фильтрінің саны 15 болса, демек күн астында ең кемі 105 минут жүруіңізге болады. SPF фильтрі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жақсы. Адамның терісі күн астында 10 минут жүргеннің өзінде қызарып бастайды. Сол себепті жағажайға бармасаңыз да, жазда бір жерге шығудың алдында SPF фильтрі бар иісмай жаққаныңыз абзал. SPF санының көлемі қалай бөлінеді? 1. Аз мөлшердегі қорғаныс – 2-5 SPF; 2. Орташа мөлшердегі қорғаныс – 6-11 SPF; 3. Жоғары мөлшердегі қорғаныс – 12-19 SPF; 4. Өте жоғары мөлшердегі қорғаныс – 20-30дан жоғары SPF.
SPF фильтрді қалай таңдау керек? Егер қалаға серуендеуге шығатын болсаңыз, 15-20 бірлікті SPF фильтрін таңдауға болады. Ал егер тауға шығып, саяжайға баруды шешсеңіз, SPF фильтрі 20 бірліктен төмен болмауы керек. Жағажай, демалысқа баратын болсаңыз, 25-50 бірлікті SPF фильтрі қажет болады. Иісмайды әр шыққан сайын ерінбей жағып жүріңіз. Бұл қарайып кетпеудің амалы ғана емес, денсаулықты сақтаудың да әрекеті. Іске сәт!
