Қауіпсіз интернет – ортақ жауапкершілік: TikTok Орталық Азияда отбасыларға арналған білім беру науқанын іске қосты
TikTok Балаларды қорғау күніне орай Орталық Азияда «Қауіпсіз интернет үшін бірге!» атты білім беру науқанын іске қосты. Жоба жасөспірімдер мен ата-аналарға арналған қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруға, интернеттегі жауапты мінез-құлықты дамытуға және отбасылық диалогты күшейтуге бағытталған.

Науқан аясында бірнеше тілде анимациялық білім беру роликтері ұсынылып, онда «Отбасылық параметрлер» арқылы ата-ана бақылауы, жас шектеулері, кибербуллингтің алдын алу және цифрлық әл-ауқатты сақтау жолдары түсіндіріледі.
TikTok қауіпсіздікті басты басымдық ретінде атап, жасөспірімдерге арналған арнайы қорғаныс құралдарын дамытып келе жатқанын мәлімдеді.







