«Айқаптағы» жер мәселесі
“Айқап” журналының 1911 жылғы 4 нөмірінде жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың «Тағы да жер жайынан» мақаласы қазақ интеллегенциясының жер бостандығы жайындағы идеясын насихаттай отырып, халықтың көзін ашу мақсатында жазылған еді.Сол заманда қазақ даласында қоғамдық жәнесаяси өмірде өзекті болған жер мәселесі еді. Көшпелі қазақтан шұрайлы, көгалды және құнарлыжерді қазынаға тартып алып отырған. Ауыл менқыстақ тұрғындарының көпшілігі жаздық жайылымнан айырылып, құнары аз жерлерге көшірілді. Қазақтың озық ойлы ұлттық интеллигенциясы бұл мәселені шұғыл шешу қажет деген пікірде болды.Мақалада автор қазақты ну орман ішіндегі адасқан адамға теңейді. Соқпақ жол мен бағыттыбілмей дал болған жаяу адамның күйін кешкен қазақ оңға да, солға да жүрсе де жолын таба алмаған күйде қала берген еді. Осы уақыт…
