Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"Қазақ" газетіндегі ұлт мәселесі

 

“Қазақ” газетінде жарық көрген «Қазақ һәм түрлі мәселелер» мақалада кезінде қазаққа, оның тіліне көрсетілген қысымды байқамай өтпеуге болмайды. Мәселен, «1910-шы жылы Думадағы кеңесте бастауыш мектеп жасындағы балалар орыс тілінде оқытылсын, кішкене кезінен бастап орыс тілін үйрене отырып орыстың халқына тез сіңеді және орыстың ортасына кірігеді деген сөздер қозғалған болатын. Сонда, сол айтылған сөздерге, жоқ бұлай болмауы тиіс, әр ұлт мектепті өз ана тілін үйренуден бастауы қажет деп бас көтерген ұлты орыс емес азаматтар тұс-тұстан қаулаған болатын. Солардың арасында ноғай бар да, қазақ жоқ. Қазақтан бірде-бір азамат шығып өз ойын айта алмағандығы, қазақ тобы тұсынан үнсіздіктің ғана лебі келгені мәлім болған»,-деп жазды.

Мақала барысында қазақтың тек өз басына ғана тән, қазаққа ортақ мәселе тұрғысында уайым кешкендерін кездестірмейсің, құдды бір бастарына келген мәселелер оларға тән еместей, не боларын алаңдамайды және қалай шешілетінін де ойламастан күй кешеді деген пікір айтылады.

          Қазақтың табиғатына тән жуастығынан ба, қой аузынан шөп алмас момындығынан ба, әйтеуір, кім де кім қазақтың ісі туралы кеңес айтса, оны тоқтатар, өз ісін өзі ғана нақ білетіндігін айтар азаматтар қазақ қоғамында жоқтың қасы болып тұрғандығы мәлім еді.

          Автор өткен уақытта қазақ жайлы, қазақтың жай-күйі жайлы мәселе айтылып, сөз қозғалса, қазақтардың дымы шықпай үндемей қалатындығына күйінеді. Қазақта Думада қарастырылып жатқан мәселенің мән-жайын, тобықтай түйінін ұғынатын, оқып-білетін газетаның болмауы есебінен, осы іспеттес мәселе көтерілгенде қазақтар ауыздарына құм құйылып, ұрттарына су жиналғандай кейіп танытатындығын сынайды. Мақалада: «Қап! Газетаның болмауын-ай! Даудың басы, дайрабайдың көк сиыры емес, қазақтың газетасының болмауында екен ғой! Сыбыр еткенді саралап жеткізетін, көрінгенді ұқыптылықпен сипаттап айтатын, болған және болып жатқан әрбір жаңалықты жеткізетін газетаның болмауының әсерінен, қазақта осынау кемшілік бар,- деп салмақты ой айтады. Автор ойының астарында, қазақтар айналасында болып жатқан мәселені көрсін, білсін деген мақсатта газеттің де шығарылғандығын атап өтті. Алайда, мәселенің шықпаған газетте емес, қазақтың өзінде екені белгілі болды.

Мақалада қазақтың айтқанға көніп, айдағанға еріп Русияның қолжаулығына айналып бара жатқандығын «Қазақ» газеті жан айқайдай көтеруі баспасөздің шындықты ту еткендігін аңғартады. Осылайша, қазақ зиялаларының жаны қиналып, зығырданы қайнады. Қайтіп, қалайша қазақты оятамыз деп дал болды, шарқ ұрды. Осы мақала зиялылардың сол әрекетінің тағы бір дәлелі екендігі даусыз!

 

Айжан ЖАКУПБЕКОВА,

ҚазҰУ-дың 1-курс студенті

 

Ғылыми жетекшісі:

Фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева

0
0
346

Еще по теме