"АШЫҚ ӘКІМДІК" ШАРАСЫ ӨТТІ.
ТҰРҒЫНДАР АРЫЗЫ ТЫҢДАЛДЫАудандық мәдениет үйінде ашық әкімдік шарасы өтті.–Атқарушы билік пен қарапайым халықтың кедергісіз диалог алаңына айналған ашық әкімдік шаралары пандемияға байланысты қолға алынбай қалған еді. Шектеулер жеңілдегелі осындай шаралар өткізуді жоспарға енгіздік. Ашық әкімдіктің алғашқы шарасы бүгін аудан орталығы Сайқында бастау алса, ертең ауылдық округтерде жалғасатын болады, – деді аудан басшысы Нұрлыбек Даумов.Алғаш боп, аудан әкімінің алдына келген Айнагүл Темешева материалдық қолдау қажеттігін айтады.–Өзім жалғызбасты анамын, денсаулық жағдайына байланысты тағайындалған аз-маз жәрдемақым бар, жалақым да аз. Бар тапқаным баламның киім-кешігі мен үйдің жалға алу ақысы мен коммуналдық төлемдерден аспайды. Азық-түліктің қымбаттығы та бар. Соңғы кезде денсаулығым да…
