Қаржы пирамидасы БАҚ-та шу тудырды
Көптеген қазақстандықтар қаржылық пирамидалар Tiens, Qnet жайлы бірнеше рет естіген, өйткені алданған инвесторлар мен қарапайым халық көп болды. Осы және басқа да қаржы пирамидасының қызметіне миллиондаған адамдар тартылып, олардың барлығы дерлік еңбекпен тапқан ақшасынан айырылғанымен, қаржы институттары мен қаржы пирамидаларының қызметі әр тарапта өсіп, алданған адамдар саны көбейіп жатыр.Tiens 1995 жылы Қытайда құрылған трансұлттық желілік маркетингтік компания. Негізгі өнімдері - диеталық қоспалар мен массажерлер. Компанияның өндіріс орындары Тяньцзинь жаңа технологиялар индустриалды паркінде орналасқан. Тауарлар желілік маркетинг жүйесі арқылы, сондай-ақ супермаркеттер желісі және кеңсе-қойма жүйесінің дистрибьюторлық желілері арқылы сатылады. Ал, Qnet Гонконгта орналасқан тікелей са…



