kk
Default banner
Разное
426 297 постов48 подписчиков
Всяко-разно
0

Қаржы пирамидасы БАҚ-та шу тудырды

Көптеген қазақстандықтар қаржылық пирамидалар Tiens, Qnet жайлы бірнеше рет естіген, өйткені алданған инвесторлар мен қарапайым халық көп болды. Осы және басқа да қаржы пирамидасының қызметіне миллиондаған адамдар тартылып, олардың барлығы дерлік еңбекпен тапқан ақшасынан айырылғанымен, қаржы институттары мен қаржы пирамидаларының қызметі әр тарапта өсіп, алданған адамдар саны көбейіп жатыр.

Tiens 1995 жылы Қытайда құрылған трансұлттық желілік маркетингтік компания. Негізгі өнімдері - диеталық қоспалар мен массажерлер. Компанияның өндіріс орындары Тяньцзинь жаңа технологиялар индустриалды паркінде орналасқан. Тауарлар желілік маркетинг жүйесі арқылы, сондай-ақ супермаркеттер желісі және кеңсе-қойма жүйесінің дистрибьюторлық желілері арқылы сатылады. Ал, Qnet Гонконгта орналасқан тікелей сатуды және көп деңгейлі маркетингті пайдаланатын халықаралық компания. Компаниялар тобының негізгі кәсіпорны болып табылады және әртүрлі тауарлар мен қызметтерді: жеке гигиена құралдарын, үйге арналған тауарларды, биологиялық белсенді қоспаларды, оқыту курстарын, зергерлік әшекейлерді сатумен айналысады. Компания Гонконгта Виджей Эсфаранмен және Джозеф Бисмаркпен 1998 жылы құрылды. Компанияны қаржы пирамидаларын құруда айыптаған. Иранда бұл айыптаулар компания филиалдарының жабылуына және оның мүшелерін қамауға алуға әкеп соқты.

Қаржы пирамидасы - жеке және заңды тұлғалардың өзіне алған міндеттемелерін қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызмет үшін тартылған қаражатты пайдаланбай, ақшаны немесе өзге де мүлікті немесе оған құқығын қайта бөлу жолымен тартудан кірістер алынатын алаяқтық түрлерінің бірі. Қаржы пирамидасының ерекшелігі - тез және оңай ақшаны уәде ету, көбінесе өздерін инвестициялық кәсіпорын ретінде көрсетеді. Олар, мысалы, акциялар мен облигацияларды сатып алуды ұсынады, жоғары табысты құрылысқа, алтын өндіруге немесе өте тиімді өндіріске инвестициялауға, сонымен қатар мансаптың жоғарылауына уәде береді. Олар жарнамалық науқанда қатты және тартымды ұрандарымен шығарады. Қаржы пирамидаларының өмір сүру мерзімі ұйымның көлеміне және ұсынылатын бағдарламаларға байланысты.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 217-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы. Қаржылық инвестициялық пирамиданы құру және басқару ісі бойынша үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айырылады. Мысалы: «Астана Раушан кассасы Айналымы» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі фактісі бойынша сотқа жолданды. Жоғарыда аталған пирамида схемасын 2020 жылдың қаңтар айында жеке тұлғалардың қаражатын алаяқтық жолмен иемденген азамат «А» жасаған. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап қаржы пирамидасына барлығы 1000-нан астам Қазақстан Республикасының азаматы тартылған. 31 мыңнан астам қазақстандық қаржылық пирамидалардың құрбаны болып 54 млрд теңгеден айырылған.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «азаматтарымыз қарапайым экономика заңдылықтарын білмейді: шығын мен кірістің ара қатыныасын ажырата алмайды, ауадан ақша жасауға болатынына сенеді. Халықтың қаржылық және құқықтық сауаты мен мәдениетінің тым төмен болуы да әсер етіп отыр» деп өз сөзінде айтып өтті. Сонымен қатар, Арай Абулкасимова психосарапшы: «Ақша ешқашан аспаннан түспейді» Біздің өмір сүруімізге экономика, генетика, тәрбие, қоршаған орта және басқа да әртүрлі факторлар әсер етеді. Соның ішінде, адамның Qnet-ке кіруіне ішкі-ой сезімі, қоршаған ортасы тікелей әсер етеді. Айналасындағы адамдардың сөзіне сеніп, осындай қиындыққа ұшырайтындар бар. Олар қиялға, жалған сөздерге сенгіш болып келеді. Бұл психологияда «невроз», «балалық инфантилизм» деп аталады. Яғни, адам өмірге шынайы көзқараспен емес, балалық санамен қарайды. Ол, әсіресе, ақша мәселесінде анық көрінеді. Бұл кезде адамның екі жай-күйін салыстыруымызға болады. Олар – оңай олжа мен шынайылыққа ұмтылу. Шынайылыққа ұмтылатындар жеңіл жолды таңдамайтыны анық. Ал оңай олжаға қызығушылықты ересек адамның ішінде қалып қойған балалық аңғалдықпен байланыстырамыз. Qnet-ке алданатындардың басым көпшілігі – қаржылық қиындыққа ұшыраған және ата-анасымен, жақындарымен сырласа бермейтін жандар. Олар шындыққа тіке қарамай, қаражат тапшылығын жою үшін, оңай ақша табуды көздейді. Бәріміз білетіндей, «таяқтың екі ұшы бар», бірақ жалған сөзге сеніп қалғандар сол таяқтың тек бір ұшын көреді.

Алаяқтылықтың бұндай түрін жою мүмкін емес. Біз оны тек біршама уақытқа ғана тоқтата аламыз, бірақ ол атын өзгертіп, басқа бір жерден жұмыс жасайтыны белгілі. Осындай компаниялардың кесірінен адамдар өз-өздеріне қол жұмсап жатыр, жеңіл табыстың болмайтынын барлығы түсінуі керек. Қаржы пирамидаларын жарнамалағаны және қызметін жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 150-бабында және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабында көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Сондай-ақ, әртүрлі қаржылық пирамидалар мен алаяқтыққа тартылу қаупінен аулақ болу керек.

Қаржы пирамидасының құрбаны болып қалсаңыз не істеу керек деген сұрақ барлығын қызықтырады. Қазіргі пирамидалардың өмір сүру мерзімі өте қысқа, салымшылардың ақшасын тез жинап, жоғалып кетеді. Неғұрлым тезірек әрекет ете бастасаңыз, кем дегенде қандай да бір жолмен әділдікті қалпына келтіру мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Егер қаржылық пирамида әлі жұмыс істеп тұрса, компанияға жазбаша шағым жасаңыз. Ақшаны қайтаруды талап етіп, ұйымдастырушыларға ақшаны қайтармаған жағдайда полиция мен прокуратураға хабарласатыныңызды айтыңыз. Алаяқтарға ақша аударғаныңызды немесе аударғаныңызды дәлелдейтін құжаттарды жинаңыз: келісім, банк шотынан үзінді көшірме, кассалық кіріс ордері, чаттардағы хат алмасудың скриншоттары, SMS хабарламалар немесе мессенджерлер. Үндемеңіз. Алаяқтардың жеміне түсіп қалуы мүмкін басқа адамдарды ескертіңіз. Әлеуметтік желілердегі тәжірибеңіз туралы айтыңыз, БАҚ-қа жазыңыз. Жариялылық неғұрлым көп болса, қылмыскерлер соғұрлым аз ақша ұрлайды. Абай болыңыз, аман болыңыз. Алаяқтардың тұзағына түсіп қалмаңыз !