2024 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы іс-шаралар
# 2024 жылы 26 сәуір күні Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де Аягөз аудандық білім бөлімінің Жол картасының «Мектептің бейіндік бағытын дамыту» № 2 ішкі міндетіндегі Республикадағы білім беру мазмұнын жаңарту міндеттеріне ықпал ететін жетекші халықаралық инновациялық технологияларды тарату үшін қазіргі білім берудегі трендтерін игеру бойынша жоғары оқу орындары және кәсіпорындармен меморандум жасау айтылған. Осы орайда Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогика кафедрасымен меморандумға қол қойылып, бүгінгі күнде ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ, АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ОҚУ ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ және АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ ұйымдастырумен «Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруда Lesson Study, Action research арқылы білім алушыларды оқыту мен оқудағы дарындылық қабілеттерін дамыту» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы болды.Мақсаты: мектеп педагогтеріне ғылыми зерттеу және тәрбие жұмыстары аспектісінде әдістемелік қолдау көрсету, мәдени мұраны барлау, зерделеу, жинау, сақтау, пайдалану бойынша тараптардың өзара ынтымақтастығын орнату және педагогика кафедрасының ғалымдарымен бірлескен ғылыми зерттеулер, халықаралық, республикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу;Тәжірибе алмасуға, мамандар (оқушылар)дайындауға көмек: "Ұлттық тәрбие"оқу бағдарламасы шеңберінде ақпарат және тәжірибе алмасу бойынша ғылыми-практикалық жұмыс жүргізу, олардың арасында сынып жетекшілерінің жұмысын әдістемелік қолдау, қызметтік кездесулер, бірлескен ғылыми дәрістер және т .б. бар. Ынтымақтастыққа байланысты мәселелерде көмек көрсету және т.бКонференция бірнеше бағытта өтті: I . бағыт: Лессон стади әдісін оқу тәрбие сабақтарында қолдану;ІІ.бағыт: »Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтар негізінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері;IІІ .бағыт: Инновациялық әдістер арқылы оқу-тәрбие процесінде заманауи оқушының шығармашылық әлеуетін қалыптастыра отырып, жеке тұлғалық қасиетін дамыту;IV. бағыт: Оқушыларды оқыту процесінде геймификацияны қолданудың өзектілігі; Конференцияға Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университет Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Саудабаева Гулмира Сауытжановна және Құрсабаев Мұхамедрахым Қыдырбайұлы педагогика ғылымдарының кандидаты Абай атындағы Қазак Ұлттық Педагогикалық Университеттің профессоры м.а, және онлайн баяндама жасаған Украина мемлекеті Харковь қаласының педагогикалық үздіксіз білім беру ғылыми- әдістемелік орталығының лаборатория меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Васильев Иван Борисович Өзбекстан мемлекеті, Коканд қаласындағы педагогикалық институтының психологиялық ғылымдарының кандидаты, доценті, практикалық психология кафедрасының меңгерушісі Салиева Дилором Абдулаевна, Аягөз аудандық білім бөлімі басшысы Н. Азимбаев, аудандық ғылыми әдістеме кабинет меңгерушісі Ж.Маликова және жоғарыдағы атаулы университетпен келісім шарт негізінде бүгінгі күнде жұмыс жасап жатқан Алматы облыс, Іле ауданы Құйған аулылы 32 орта мектеп КММ- нің директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Адильбекова Жазира Бакбергеновна бастаған мектеп командасы, «Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің директоры Сыдық Қуат Тұрсынұлы бастаған мектеп командасы және ауданымыздағы алдыңғы қатарлы мектептің бірі, жаңалықтың жаршысы болып жүрген «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» мектеп директоры Жарова Назигул Мұратбековна бастаған мектеп командасы, Семей қаласындағы «№44 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ- нен әріптестеріміз Байбатырова Б.Е, Оразқанова Р.С, Бородулиха ауданы Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі» КМ мектеп директоры Бекетай Балғын Нұрланқызы бастаған мектеп командасы келіп, «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің тәжірбиелі ұстаздарымен бірлескен шеберлік сыныптар өтілді. Шеберлік сыныптар мектебіміздің әр қабатындағы алаңдарда «Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson study әдісін пайдалану», «Шығармашылық кіліті- ізденісте», «Ұлы өнертапқыштыққа бір қадам», «Біртұтас тәрбие – болашақ кепілі», «Ойын тәсілі ойға жетелейді» тақырыптарында іс-тәжірбие алмасу жоғары деңгейде өтті. Бүгінгі халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияның мектеп мұғалімдеріне тиімді тұстары - шет мемлекет ғалымдары, жоғарғы оқу орын профессорлары, республика, облыс деңгейіндегі бірнеше мектеп мұғалімдер командаларымен ынтымақтастық, қауымдастықта іс-тәжірбие алмасу мүмкіндіктері ұлғайды және зерттеу жүргізуді ары қарай жалғастыру қолға алынды.
https://scontent.fakx4-2.fna.fbcdn.net/v/t39.30808-6/438086458_7886882324689090_2844933944756418577_n.jpg?_nc_cat=111&ccb=1-7&_nc_sid=5f2048&_nc_ohc=KGVQO0uITycQ7kNvgHQgCjg&_nc_ht=scontent.fakx4-2.fna&oh=00_AfBJE4XqnECzV_Wnvv5ygxozBmj4KP6nG70qIYG-p0WKIA&oe=6639FDAB