Алматы облысының экспорты жаңа деңгейге көтерілді: өнімдер 61 елге жеткізіледі
Алматы облысы экспорт көлемін тұрақты түрде арттырып келеді. Бүгінде өңірдің 49 кәсіпорны өнімдерін әлемнің 61 еліне экспорттап, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, фармацевтика және өңдеу салаларындағы тауарларға халықаралық нарықта сұраныс артып отыр.








