Атырау облысында алғаш рет «Сармат алтындары» көрмесі өтті
2023-2024 жылдары Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Археологиялық экспедициясы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылы маңындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Қарабау-2 және Қарақұдық 1-2 қорғандарына археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген еді. Зерттеулер нәтижесін таныстыру мақсатында «Сармат алтындары» атты 1 күндік көрме өтті.Алғашқы сөз алған Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов: Бүгін облысымыздың тарихындағы ерекше күн. Бұған дейін осындай кең көлемде қазба байлық, қорғандар, тарихи мұралар табылған жоқ. Б.з.д. V ғасырға тиесілі қорған Қызылқоға ауданы аумағынынан табылды. 1 қорғанның ішіндегі 9 қабірдің 7-еуі тоналмағандығын ғалымдар дәлелдеп отыр. Жұмыстың басы-қасында жүріп, ауқымды іс атқарған ғалымдарға зор ризашылығымызды білдір…
