Перейти к содержимому
Обложка сообщества События Атырауская область

Байлықтың атасы – еңбек

Жұмыс бізді үш үлкен зұлымдықтан босатады: зерігу, жамандық және мұқтаждық, деп есептеді Вольтер. Биыл Атырау облысында 4449 мыңға жуық жұмыс орны ашылса, оның 22 мыңы тұрақты.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Серік Шәпкенов мәлім етті.

 ҚР БНС деректері бойынша 2024 жылдың үшінші тоқсанында облыс бойынша жұмыссыздар саны 17 971 адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9% құрайды. 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыссыз ретінде тіркелген 15 198 адам немесе жұмыс күшінің 4,2%.

Әкімнің айтуынша, облыста жұмыспен қамту шараларымен 49 мыңнан астам азамат қамтылып, 31 374 жұмыс орны ашылған. Оның 22 мыңға жуығы тұрақты.

Ал «Bastau Business» жобасы аясында 1637 азамат оқытылды. 822 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыстың 291 тұрғыны 428,1 млн теңге сомасында қайтарымсыз грант алды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған бағдарлама бойынша гранттар мен несиелерді мыналар ала алады: тіркелген жұмыссыздар, кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтіндер, жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер, жұмыстан босатылғандар және отбасылық кәсіпорында ақысыз жұмыскерлер.

 – Бұл шаралар өңірдегі жұмыссыздықты азайтып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал етті. Биылғы жылы «Болашақ» болашақ кеңейту жобасынан 18 713 адам босатылады деп күтілген болатын. 1 қарашадағы жағдай бойынша 11155 адам босатылды, оның 4104-і (37%) Атырау облысының тұрғындары. Жобаның аяқталуына байланысты босатылған атыраулықтардың 90% әлеуметтік қолдауға ие болды, деп атап өтті С.Шәпкенов.

0
0
2181

Еще по теме