«Ы. Алтынсариннің өміріннен бір күн» = «Один день из жизни И. Алтынсарина»
16 қараша«…Торғайдан басқа уездерге қатынайтын жолдар қыс мезгілінде өте қиын, кейде тіпті мүлдем жүріп-тұруға жарамсыз болады. Біріншіден, бұған қалың қар мен далада жиі болатын борандар себеп болса, екіншіден, көктемгі лайсаң мен өзендердің тасуы кедергі келтіреді. Мұндай кезде көпірлер де, паромдар да болмайды.Төрт жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, жоғарыда аталған қолайсыздықтардан бөлек, мектептерді аралап тексеруге қатынау тұрғысынан Торғайдың облыстағы басқа уездік қалалардан ешқандай артықшылығы жоқ екенін ескере келе, инспектор өзінің тұрақты тұратын жерін Торғайдан Николаев уезінің Қостанай елді мекенінде жаңадан құрылып жатқан уездік қаласына ауыстыруға рұқсат беруді сұрайды. Бұл елді мекен Троицк қаласынан жүз шақырымнан сәл астам қашықтықта орналасқан. Ол жерден жылдың кез к…



