Тікелей эфир

Айсұлудың сурет әлемі

Астаналық Айсұлу Сапарова қазір 22 жаста, мамандығы заңгер. Мамандығы бойынша жұмыс жасаумен қатар, бос уақытында сурет салады. Әлеуметтік желілерден Айсұлу суреттеріне кезіккен біз жас таланттан сұхбат алуды жөн көрдік.



Кішкентайымнан сурет салумен әуестенемін. Негізінен кішкентай балалар сурет салғанды ұнатады ғой. Бірақ көбі үлкейе келе сурет салуды тастап кетсе, мен әлі күнге дейін тастаған жоқпын.

Отбасымызда суретшілер жоқ. Алайда анамның мамандығы бейнелеу өнерімен байланысты болмаса да, суретті жақсы салады. Өзім ешқашан Пикассо, Леонарды сынды танымал суретшілерді көріп, суретші болуды арман еткен емеспін, менің суретші болуыма әсер еткен бірден бір адам — ол менің анам.

Өзім кәсіби суретші болмасам да, сурет салу менің кәсіби хоббиім деп айтар едім. Өйткені суретші болу үшін, менің ойымша, белгілі бір деңгейге жетіп, өсу үшін оқу қажет болғанымен, Алла тағала маңдайыңа сурет салуды жазбаған болса, мың жерден жоғарғы білім алуыңның еш пайдасы болмайды...


Сурет салатын адам ретінде мен үшін сурет салу барысында көңіл-күйімнің жақсы болуы мен қолымда жақсы ұшталған қарындашымның болуы өте маңызды. Табиғатты, не ғимараттарды салғаннан гөрі адамдарды, мульт-бөпелерді, қуыршақ қыздарды, сондай-ақ ойыншық аю, мысық, қоян секілді жан-жануарларды салғанды ерекше ұнатамын.

Достарым суреттерімді көріп, ең сүйікті туыңдың қайсысы деп сұрап жатады. Бірақ менде ондай туынды жоқ. Яғни, ешқайсысын бөліп-жармаймын. Өзімнің жан дүниемнен шығып, қағаз бетіне түсірген әрбір суретім менің сүйікті туындым. Егер суретті салып болғаннан кейін ол көңілімнен шықпаса, жыртып тастаймын. Ал көңілімнен шықса, ол сүйікті туындыларымның қатарынан орын алады. Бастысы, суретші болу үшін де, жалпы қандай іспен айналыссаң да, адамға біріншіден сабырлық пен шыдамдылық қажет. Бәрі бірден бола бермейтінін түсінген абзал.

Көбіне адамдар жұмыс істеп жүріп хоббиін ұмытып, не тастап кетіп жатады. Ал мен жұмысымның жөні бір бөлек болғанымен, сурет салуға да аса назар аударамын. Суреттерімді негізінен жұмыстан келген соң, кешке қарай қолым босағанда саламын. Мысалы, жауып тұрған жаңбыр, не әйнектің арғы жағындағы жапалақтап тұрған қардан, сол сияқты әсерлі кинодан әсер алып сурет салуға отырмаймын. Өйткені менің суреттерім менің ойымда пайда болады. Ойыма келген бейнені қағаз бетіне түсіремін. Кейде ойымдағыдай емес, басқаша болып шығады... Бірақ ол кемшілік емес, керісінше ерекшелік деп есептеймін.


«Жылауық қыздар» сериясы менің сол суретті салып отырғандағы көңіл-күйімді бейнелемейді. Мен көтеріңкі көңіл-күйде бола тұра, көңілсіз суреттер салуым мүмкін.







Кішкентай сіңілілерім маған келіп, «Сурет салып берші» деп сұрайды. Сол кезде мульт-бөпелерді салып беремін. Көбінесе мульт-суреттерімді сол балапандарыма арнаймын. Олардың бір-бірімен «Нау (мынау ) менікі, анау менікі» деп бал тілдерімен былдырлап сөйлескенде өзімді бақытты сезінемін.


Сурттерден байқаған «Ice» деген таңба менің атымның алғашқы үш әрібі, әрі өзімнің жеке белгім. Нешетүрлі суреттер салғаныммен, оларда ешқандай астарлы мән жоқ. Көрген адамды тұңғиық ойға шомып жіберетін суреттерді көп сала бермеймін. Еңбектерім көбіне сүйкімді, ашық, нәзік болғандықтан, адамдардың жүздеріне әдемі жымый сыйлайды деп ойлаймын.

Көрме дейсіз бе? Жалпы сурет салатын әрбір адамның арманында көрме өткізу болатын шығар. Есімде, бір кездері әкем екеуіміз сондай көрме өткізу туралы әңгімелескен болатынбыз. Бірақ қазірше, ол тек қана арман болып қалуда...

Сұхбаттасқан: Айнұр Ракишева

Алия Arsik
6 наурыз 2013, 12:51
24355

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Керемет! Айсұлу, қаламың ұштала берсін! Көрмені көруге асықпын) Ол күн де туар, бұйырса :)
Комментарий удалён администрацией
хоббиың ақырындап негізгі сүйікті ісіңе айналуына тілектеспін!:)
суреттер позетифффф))) кажись мен ФБда Айжанның суреттер арасынан көрдім ғой деймін ;)
Суреттерің әдемііііі екен. Таудай талабыңа Алланың нұры жаусын!!!
Күшті екен. Маған ұнады, әсіресе, анау мульт-қыздарың.
мықты-мықты, қаламың ұштала берсін!
Керемет! Кәсібилік бар сияқты. Жарнама компаниясына керек суреттер ғой.
мен де негізінде суретті жақсы саламын яғни айтайын дегенім көрменді тезірек көргім келеді сондықтан да сурет салуды тоқтатпа

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным учителем.
Zhumanova
22 сент. 2017 / 16:26
  • 9676
  • 17
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 4313
  • 12
«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

Мы не такие блатные. Да, нас унижают руководители, возомнившие себя ханами, часто наши права не реализуются в должной мере. И я всегда задавался, почему на самом деле нет нормальных условий и льгот...
WriterKz
23 сент. 2017 / 0:41
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2901
  • 64
Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Полицейский беспредел в Казахстане осудил российский блогер и путешественник Евгений Золотухин. На своей странице он рассказал, как встретился с казахстанскими полицейскими, и как они оставили не...
tala03
18 сент. 2017 / 16:58
  • 2071
  • 13
Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Наш главный город страны стал избавляться от уже вполне неуместных моветонных клише, которые громоздились над ней, как черное облако над Мордором.
tentser
22 сент. 2017 / 21:04
  • 1948
  • 72
Сеульское метро: инструкция по применению. «Остерегайтесь колясок и пожилых людей»

Сеульское метро: инструкция по применению. «Остерегайтесь колясок и пожилых людей»

Корейское метро полностью автоматизировано: здесь пользуются карточками TMoney, баланс на которых можно постоянно пополнять. Этими же картами можно расплачиваться в магазинах и столовых.
daminaishappy
18 сент. 2017 / 21:56
  • 1694
  • 4
Оправдан ли резонанс в среде киноманов? Скромное мнение о фильме «Оно»

Оправдан ли резонанс в среде киноманов? Скромное мнение о фильме «Оно»

"Оно" - восторженные отзывы, сборы, оправдавшие бюджет в пять раз, высокие оценки, и все это, лишь за 10 дней после старта в мировом прокате.
blogfreez
18 сент. 2017 / 17:07
  • 1751
  • 11
Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Парней начали осуждать за поступок в социальных сетях. Популярные группы Кавказа назвали выходку парней дикой, и пояснили, что они позорят нацию и религию.
tala03
20 сент. 2017 / 16:42
  • 1596
  • 40