Жасыл экономиканың тұрақты даму жолындағы рөлі
Токаева Амина Маратқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебі «6В04103 – Экономика» БББ 2-курс студенті Ғылыми жетекші:Андабаева Гульмира Кенжегалиевна э.ғ.к., доцент Аңдатпа:Жасыл экономика — бұл табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалану арқылы қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігін сақтап, тұрақты әрі сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған заманауи даму үлгісі. Бұл тұжырымдама табиғатқа зиян келтірмей, болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін ескере отырып экономикалық дамуға жол ашады. Мақалада жасыл экономиканың теориялық негіздері мен мәні жан-жақты қарастырылып, оның Қазақстандағы жүзеге асырылу барысы мен ұлттық саясаттағы орны талданады. Елдегі жаңартылатын энергия көздерін дамыту, экологиялық таза технологияларды енгі…
