Жуырда
12-13 наурыз күндері "Қазақстан" телеарнасынан "Судағы із" деп аталатын жаңа телехикая көрсетіледі екен. Телехикая- жанның қылын шертетін бір ауылдан шыққан үш достың тағдыры жайында. Көрермендер сериалда Мұқан, Қасымжан, Роллан атты басты кейіпкерлердің арасындағы шынайы ерлер арасындағы достықтың қандай болатынын көре алады. Мұқан – ғалым болып, туған ауылын таза сумен қамтамасыз етесем бе деп армандайды. Ол мектептегі сыныптасы Наркес деген қызға ғашық болып жүреді, бірақ сезімін білдіруге батылы жетпейді. Ойлап қарасақ ақылы көркіне сай, көрегені мол жігіттің болашағынан зор үміт күтуге боларлық. Бірақ, өзіне жақын адамдары оған сатқындық жасап, Мұқанның өмірі күрт өзгеріп, тозаққа айналады. Сюжетте Наркес қыздың тағдыры осы үш достың өмірімен сабақтас болып келеді. Қасымжанның тағдыр…