Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тоңғаны ма, тойғаны ма
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан...
Абайдың құдыретін көрдіңіз бе? Күздің ең мықты сипаты осы емес пе? Тек жылқы көру үшін тас қалаңызды тастап, ауылға барыңыз. Ауылда осы кез бақшадағы піскен жемісті жинап, іс қылып жатқан шығар.
Ауылдың баласы ауылын сағынбай тұра ма? Таза ауа, салқын жел, кең үйлер...
Ал күз ше? Күз қалаға да келіп жетті. Жапырақтар сарғайып барад. Өлең қайда осындайда? Шабыт қайда? Өлеңнің бәрін Абайлар, Мұқағалилар жазып кеткен-ау осы...
