Атама хат!
Ата!?.. Ата... Саған хат жазайын деп, мінеки, қалам мен парақты қолға алдым. Неден қалай бастарымды да дұрыс білмеймін. Бірақ жүрекке жиналған мұңымды жазып, шерімді тарқатсам ба деймін. Ата!?.. «Ата» деп атайтын немереңіздің барына қуаныңыз, ата! Себебі жастар қауымы, жалпы, жұртшылық ақсақалдарды «шал» деп атап, сый-құрметке бөлейтін ниеттері жоқ. Бүгінгі тәуелсіз күнде сен үйреткен дінді ұстанамын. Бірақ бұл қазаққа тәуелсіздікті нәсіп еткен Алланың рахымы мен мейірімін ысырып, өз өмірін ысырап етіп, Ермек Тұрсынов деген бір ағамыз «Шал» киносын түсіріп, тәңіршілдікті насихаттап жүр. Ата, 2009 жылы мектеп бітіріп, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетіне қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына түстім. Мен секілді өз таңдауымен түспеген қазақтар көп екен. Кішілерге ізет қылма…