#HANDMADE ТАУАРЫҢЫЗДЫҢ БАҒАСЫН ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙСЫЗ?
Қолөнермен қосымша табыс табу – пайдалы әрі тиімді ме? Шебер бұл процестен эстетикалық ләззат алса - мүмкін! Бүгінде хендмейд өнімдерін жарнамалаушылар әлеуметтік желіде аз емес. Менің айырмашылығым??? Сапа=Қолжетімді баға. Бұл жазбада мына қалпақ пен снуд жиынтығын алып, бағасы қалай құралатынын айтып берейін. Ал кеттік! Уақыт. Алтын уақыт. Жолыма кететін шығындар (қолөнер дүкеніне барып қайту, кейін жиынтықты сатып алушыға жеткізу). Материалға кететін шығындар (жіп, тоқитын біз, пакет, лейбл). Бұл жиынтыққа 5 дана мохер жібі, №4 домалақ біздер, тебен ине қажет. 1 дана жіп=100 грамм=490 метр. Демек, бұл жиынтыққа 5*490=2450 метр жіп жұмсалды. Ойлап көріңізші 2450 метрді көздің майын тамызып, барлық шаруаларыңды тоқтатып қойып, тоқу үшін қаншама уақыт пен күш кетеді?1дана жіп = 800 теңге.…