Перейти к содержимому
yelzhas_ertaiuly

yelzhas_ertaiuly

На сайте с 13 мая 2017 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

14

комменты

0

подписчик

1

подписка

1

ҰЛ ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА:

Ұлыңызды шектен тыс қорғаштамаңыз. 3 жастан кейін ұлыңызды қойныңызға алып жатпаңыз. Бұл әрекетіңіз ұлыңыздағы батылдық сезімі мен өз-өзіне сенімін жояды. Ұлыңызға арқа сүйемеңіз. «Менің сүйенішім», «мені бағады», «өмірімнің мәні» секілді сөздеріңіз ұлыңызға өте ауыр жүк жүктеп, белгілі бір уақыттан кейін «мен анама лайық емеспін» деп жеткіліксіздік сезіміне душар болады. «Мен сенің бақытың үшін осыншама күш жұмсап жүрген болсам, сен бақытты болуға мәжбүрсің» деген сөздеріңізбен ұлыңызға қысым жасамаңыз. Ешқашан ұлыңызбен одақтас болып жұбайыңызды шеттетпеңіз. Ұлыңызды әкесінен алыстату арқылы оны өмірінде үлгі алатын моделінен айыратыныңызды ұмытпаңыз! Ұлыңызға қызметші бола көрмеңіз. Әр қалауын орындау арқылы әйелді қызметші ретінде көруіне себепші болмаңыз. Ұлыңызды өз ісін өзі істеуін…

1
0
494

Әкеге хат

Әкесі жұмыстан келіп, баласының бөлмесінің алдынан өтіп бара жатып, бөлменің тап-таза қылып тазаланғанын, төсегінің түп-түзу болып жиналғанын байқады. Баласы бөлмесін және заттарын жинап үйден кетіп қалғандай болып көрінді. Баласының бос үстелінің үстінен сыртында «Әкеме» деген жазуы бар хатты көрген кезде күмәні арта түсті. Қолы дірілдеп, хатты әрең алды. Конвертті ашып, ішінен қағазды шығарды. Баласы өз қолымен жазған хаттың мазмұны төмендегідей: «Қымбатты, әкем! Өзегімді өртеген өкінішке қарамастан Сізге осы хатты жазуыма тура келді. Мен жақында ғана танысқан қызыммен бірге үйден қашып кеттім. Себебі, Сіздер анам екеуіңіз естіген кезде бізге ұрсатындықтарыңызды білемін. Әйгерім өте керемет қыз, ол мен үшін өте бағалы, қымбат. Бірақ, Сіздер Әйгерімнің денесіндегі сурет-жазуларды (татуир…

2
1
3346

ҮНСІЗДІКТІҢ ЖЕҢІСІ

«Үндемеген үйдей бәледен құтылады» дейді дана халқымыз. Иә, бұл сөздің тереңге бойлаған мағынасын түсініп, өмірімізді сәндеуіміз қажет. Нақтырақ айтар болсам, жұбайлар арасы қарым-қатынаста ескерілуі керек, жадымыздан шығармай, есте сақталуы тиіс керемет сөз дер едім. Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Отбасылық өмірде жұбайлар арасындағы түсініспеушіліктер кейді ұрысқа айналып жатады. Немесе, өмірлік жарыңыз жұмыстан ашулы келді делік, тиісетін адам іздеп, жарылғалы тұр. Не істейміз? Көп жағдайда оның ашуынан тұтанып, біз де ашуға басамыз. Екі ашу қосылып, үлкен ұрыс туындатады. Және де, соңы ренішке айналып, сезімдеріміз әлсірей бастайды. Ал, бұл тығырықтан шығу үшін не істесек болады? Сіздерге «ҮНСІЗДІКТІҢ ЖЕҢІСІ» атты әдіс ұсынбақпын. «Үнсіздіктің жеңісі» әдісі үндемей құтыл…

2
0
1042

БАЛАЛАР — БОЛАШАҒЫМЫЗ!

БОЛАШАҚ ҰРПАҒЫМЫЗ ҮШІН 5 МИНУТЫҢЫЗДЫ БӨЛІП, СОҢЫНА ДЕЙІН ОҚЫП ШЫҒУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫН! Қазіргі таңда бала тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? Болашағымыз - балаларымызды дұрыс тәрбиелей алып жүрміз бе? Балаларымыздың тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлудеміз бе? Бұл сұрақтарға өзіңіз іштей ойланып, жауап беріп көріңіз. Ал, мен өзімнің тәжірибем бойынша түйген бірнеше ой-пікірімді сізбен бөлісіп көрейін. Біздің қоғамда ата-аналардан «бала тәрбиесі дегенді қалай түсінесіз?» деп сұрасаңыз, көбінен «қарны тоқ, көйлегі көк, ел қатарлы өмір сүріп жатыр, басқа не керек?» деген жауап естисіз. Яғни, біз балаларымыздың жағдайын жасап, өз ортасында ұялмай жүре алуы үшін барымызды саламыз. Жағдайымыз қатты мәз болмаса да, «балам мұңаймасын» деп қалаған телефонын да алып беруге дайынбыз. Тіпті, көптеген ата-аналард…

1
0
766

КОУЧИНГ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

«Коучинг» ұғымы біздің қоғамға енді ғана кіре бастаған жаңа ұғым, жаңа мамандық. Сондықтан да, коучинг десең, «ол не?» деп сұрайтындар да аз емес. Бұл қалыпты жағдай. Өйткені, коучинг ұғымы батыстық елдерде жиі қолданылып, модаға айналып үлгерсе де, біздің елімізге енді ғана ене бастады. Сондықтан да, осы бір жаңалыққа халықтың бойы үйреніп, таныса түсуі үшін уақыт қажет. Коучингтің сөздік мағынасына сүйенер болсақ, коучинг (ағылш. coaching — оқыту, жаттықтыру) — консалтинг және тренинг әдісі; классикалық консалтинг пен тренингтен айырмашылығы — коуч кеңес және қатаң ұсыныстар бермейді, ол шешімді клиентпен бірлесе отырып іздестіреді. Ал психологиядан айырмашылығы коучингтегі мотивацияның бағытында. Коучпен жұмыс істеуде белгілі бір мақсатқа, өмірде және жұмыста жаңа, позитивті тұжырымдал…

1
0
4284