Өнерге баулу ордасы – ҚазҰУ
… Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайынан ұнжырғам түсіп келе жаттым. әл-Фараби кітапханасына барар жолдағы дем алатын орындардың біріне домбырамды жаныма қойып жайғастым. Қатты ойға шомып кеткендіктен бе екен жаныма келген кісілерді байқамай қалыппын.-Домбыра тарта аласың ба? - деген дауысты естіген соң ғана жалт қарадым. Алдымда өзіміздің ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ағаймен бірнеше кісі тұр екен.- Домбыра сенікі ме? Біздің оркестрде барсың ба?Мен сәл абдырап қалдым да: - Иә, иә – дедім.-Бір күй ойнап берші?Сөзге келместен домбырамды қолыма алдым да Нұрғисаның «Әлқиссасын» ойнап бердім. Күйді орындап болған соң ректорымыз қол шапаттаған күйі: - Көбіне студенттердің гитарада ойнап отыратынын көруші едім. Ал сен өзіміздің қара домбырадан күй шертіп отырсың. Жарайсың! Риз…