ҚАРАТАУДАҒЫ ТАРИХИ МЕКЕНДЕР МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ
Осы мақсатта Созақ ауданында «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес «Miras» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті.Басқосуды аталған кеңестің төрайымы Қалыйма Жантөреева ашып, жүргізді. Жиынға Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов, «Turkistan Media Holding» ЖШС-нің басқарушы директоры Тельман Бейсен, кеңес мүшелері Сейдулла Айкөзов, Жазира Исаева, Гүлжанат Дүйсенбаева қатысты. Кеңес отырысында «Қызқорған», «Балақорған» тарихи орындарының қазіргі жай-күйі мен мәселелері, Созақ ауданындағы мәдени ошақтарының ахуалы айтылып, мәдениет пен өнер саласында атқарылған шаралардың есебі тыңдалды.Отырыс барысында Қ.Жантөреева аумақтағы тарихи орындарды қорғауға алу арқылы…