«Қандай торт жасаса да махаббатпен жасау керек...»
Бүгінгі кейіпкеріміз ғажайып торттардың иесі, аз ғана уақыт ішінде өз дүкенін ашқан жас кәсіпкер-Тұрлыбаева Гүлнұр Ерғазықызы. «Altynaimen birge» жобасы аясында түсірілген бағдарламаға кейіпкеріміз сұқбат беріп, торт жасаудағы құпияларымен бөлісті. Сүбелі сұқбат құрып қана қоймай, Гүлнұр ханыммен бірге «Пломбир банан» тортын жасап көрдік. Жас кәсіпкердің бастамасына қолдау білдіріп, шеберлігіне дән риза болып қайттық.Гүлнұр ТҰРЛЫБАЕВАжас кәсіпкер:«Қандай торт жасаса да махаббатпен жасау керек...»-Сіз кондитер саласына қалай келдіңіз? Бұл салаға бет бұруыңызға не түрткі болды?-Менің кондитер саласындағы алғашқы қадамым студент кезден басталған болатын. Негізгі мамандығым-мұғалім. Осы кондитерлік дүкенді ашпас бұрын өзімді дамыту мақсатында түрлі шеберлік сабақтарға қатыстым. Оларды көріп,…