ҮМІТКЕРЛЕР ЕЛГЕ КЕЛДІБүгін Бөкей ордасы ауданының Хан Ордасы, Сайқын, Бисен ауылдарында "Nur Otan" партиясының үміткерлері ретінде тіркелген облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті Жаңабек Жақсығалиев, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық аурухана меңгерушісі Сəбира Сүндетовалар келіп, аудан тұрғындарымен кездесті. Естеріңізге сала кетсек, ауданымызға арнайы келген бұл азаматтар облыстық конференция депутаттарының ең көп дауысын иеленіп, алғашқы үштікке енген еді.ҚР Мәжіліс депутаттығына үміткерлер аудан жұртшылығымен кездесу барысында үміткерлер сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, "Nur Otan" партиясының осы жолы әр аймаққа өзіндік нақты бағдарлама құрылғанын баса айтты.Туған жердің дамуына тамшыдай үлес қоссам деп саяси аламанға атын қосқан белгілі ұстаз, м…