АЛАЯҚТЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Қазіргі таңда қазақстандық алаяқ азамат Вадим Курамшиннің кім екенін жалпақ жұрт түсіне бастады. Бұған дейін бірнеше жыл қатарынан адам тағдырымен ойнап, оңай ақша табуды нәсіп еткен ол түрменің ащы дәмін татса да, арам ісінен қол үзбеген еді. Абырой болғанда, жақында әккі қылмыскер Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданның Қордай ауылынан ұсталған екен. Айта кетерлігі, ол көптеген жандардың жасаған қылмысын жауып, көмек көрсететінін айтып, өтірік ақша алып отырған. Осылайша, алаяқтық әрекеті әшкере болған Вадим Курамшин кейін өзінің жалған іс-әрекеттеріне қарамастан, «адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі Қазақстандық Халықаралық Бюроға» құқығының аяққа басылғанын айтып, өтірік шағымданған. Сонымен қатар, ол өзінің өтінішін қарап, негізсіз деп тапқан аталмыш бюроның жұмысын сын…