Әндер . . .
Кеше кешке жұмыстан келесалысымен әдеттегідей компьютерді қосып, іле-шала теледидарды қосып, орындыққа жайсаға отырған жайым еді. Windows басталғанша назарды жәшікке аудардым. Савичева "Далекоо" деп жан айқайы шыққан әнін салып жатыр екен. Әні ескі, қателеспесем сонау 2003 не 2004 жылы радио тұрмақ үтік пен пештен естілген танымал ән еді. Біртүрлі болдым. Өйткені өткен-кеткеннен бір оқиға еске оралды. 3 курстамын. Жаңа ғана бір қызбен қош айтысып келесісін күтумен жүрген жайт. Есімде жоқ не шаруамен барғаным, әйтеуір жатақхана алдына күзгі күні күнге қыздырынып отырған едім. Сонымен бірге, алай-былай өткен бойжеткендерге қарап, көңіл аулап отырғаным тағы бар. Ия, ол шықты. Алып бара жатқан ешнәрсесі болмаса да, маған сүйкімді көрінді. Жатақханадан шығып, қала жаққа бет алды. Жанымнан өтті…