2026-2027 оқу жылыныңда Алматыда оқушы орнының тапшылығы басқарылатын деңгейге дейін төмендейді
Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып айтты. Қазіргі уақытта қала бойынша оқушы орындарының тапшылығы 30 мыңды құрайды. Оқушылар саны демография және ішкі көші-қон есебінен жыл сайын орта есеппен 12-14 мың балаға артып келеді."Алматыда "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске асырылуда, оның аясында Алматының жобалық кеңсесінің қолдауымен 2024-2025 жылдары 37,1 мың орынға арналған 22 оқу орны салынады", – деді Ерболат Досаев.Қазіргі уақытта 23 мың орынды 13 мектеп бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жеке инвесторлармен 12 мың оқушы орнына 8 мектеп салуға және сатып алуға меморандумдарға қол қойылды. Сонымен қатар, МЖӘ бойынша 2 мың орынды тағы 1 мектеп салынады. Осылайша, 2025 жылғы 1 қыркүйекке қарай оқушы орындарының тапшылығы басқарылаты…



