БІЗ СІЗДЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ
Сайлауалды науқанының қызып келген шағы. Атыраулық коммунистер қол құсырып отырған емес, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының сайлауалды тұғырнамасы және бағдарламасын халық арасында кеңінен ұғындыру мақсатымен халықпен кездесулер өткізу үстінде. Үстіміздегі жылдың 6-шы қаңтарында да Атырау облыстық комитеттің ұйымдастыруымен облыстық орталықтың іргесінде орналасқан «Мерей» сауда орталығында халықпен кездесіп, тұғырнаманы түсіндірумен қатар, халықтың мұң-мұқтажына құлақ асты. Мәжіліс депутаттығына Атырау облысынан ұсынылған кандидат Халидолла Сатқаев пен қалалық мәслихат мандатына кандидат Жұмажан Үмбетжанов бастаған партия белсенділері және жас комсомолдар орталықтағы саудагерлермен, тұтынушы халықпен кездесіп оларды алдымен келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алда үлкен саяс…