«Келинка Сабина»
Кеше "Келинка Сабина" Отандық фильмімізге бардық. Алған әсерім мол. Фильм адамды күлдіре отырып, ішдей жылатады. Қазіргі таңда екінің бірі орысша судыратып, өз туған тілінде сөйлеуді ұят көріп, намыстанатын жастарымыз да баршылық. Ғабит Мүсірепов атамыз былай деген екен: "Ана тілін білмеушілер өздерін білімсізбін деп санамайды-ау деймін.Сондықтан өздерін асырып отырған ана тілін қалай болса солай қорлай беруге ұялмайды". Ия, "қалың елім қазағым, туған тілім" деп аңсап, жырлап өткен Абайдай, Мағжандай, Ыбырайдай ата-бабаларымыз қазіргі заманның жастарын таныса, біздің төккен қанымыз, жырлаған жырларымыз бекерге болды-ау депті түңілуші еді. Қазіргі өзіңіз де ойланыңызшы, қай жерге барсақ та біреуге қазақша сөйлей бастасаң, орысша жауап береді. Тіптен өзің де ұялып қаласың. Бұл не сұмдық?! Ж…