Перейти к содержимому
saltusha_teleu

Салтанат Сүгір

@saltusha_teleu

На сайте с 24 марта 2012 г.Казахстан, Астана

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

55

комменты

56

подписчиков

12

подписки

32

Қартаю – фобия

Жасыңыз 25-тен асып, жүзіңізде әжім іздері пайда бола бастады. «Қартайып барамын» деп күніге өзіңізді жазғырып жүрсіз. Сыртқы келбетіңізге біреу сын айтса, дереу әжіміңіз есіңізге түсіп мазаңызды ала бастайды.Мұндайда не істеу керек? Осы тақырып төңірегінде «Әйел бақыты» хабары мынадай пайдалы кеңес береді. Мұндайда не істеу керек? Осы тақырып төңірегінде «Әйел бақыты» хабары мынадай пайдалы кеңес береді: 1. Сымбатты көрінемін десеңіз, жан дүниеңіз көреалмаушылық қасиетінен таза болсын. 2. Жаныңыз тыныш болып, дұрыс ұйықтап, тұрақты түрде тамақтанып жүрсеңіз, жас көрінетін боласыз. 3. Әрдайым өзіңізді сабырлы ұстап, сүйікті ісіңізбен айналысудан ләззат алыңыз. 4. Барлық нәрселерге сүйсінсеңіз, бойыңызға энергия жинайсыз. 5. Таңертең тұрғанда бір стақан таза су ішуді ұмытпағаныңыз жөн. Еск…

1
0
623

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҚАЛАЙ ӨТКІЗДІҢІЗ?

Мақсат БАЗАРБАЕВ, әнші: Семейде болып, сергіп қайттым – Жазғы демалыста шетелге шығып демалған жоқпын. Еңбекпен тапқан ақшаны өзге елге емес, туған жерімізге жұмсағанымыз дұрыс деп санаймын. Жақын күндері Семей өңіріне барғанымда достарым күтіп алып, мәре-сәре болып қалдық. Қазақ қонақжай халық болғандықтан, үй-үйді аралап, бой жазып қайттым. Ет те асылды, қуырдақ та қуырылды. Алакөлге бір сүңгіп шыққанда шаршағанымның бәрі әп-сәтте-ақ басылғандай болды. Мақпал ЖҮНІСОВА, әнші: Алакөлде аз күн аялдадым – Мақаншы өңіріне ат басын бұрып, қызым Мерей екеуіміз Алакөлге тынығып, қараторы болып шыға келдік (күлді). Аптадан астам уақыт бойы күннің көзі шақырайып-ақ тұрды. Демалыстан оралғаныма бір апта ғана болды. Жыл сайын Алакөлге барып демалуды дәстүрге айналдырып алғалы қашан?! Алакөлдің орта…

0
0
1025

Әсем КӨПБАЕВА: МЕНІ ТІПТІ НАШАҚОР, ЖЫНДЫ ДЕГЕНДЕР ДЕ КЕЗДЕСТІ

Сізді қазір көп көре алмай қалған сияқтымыз. Немен айналысып жүрсіз?Қазір Қазақстанның түпкір-түпкірін аралап, іс-сапарда жүрген жайым бар. Осы жылдың наурыз айынан бастап, Карина Сәрсенованың продюсерлік орталығымен үш жылдық келісімшартқа отырдым. Бүгінге дейін еліміздің жартысын аралап шықтық. Болашақта Еуропа елдеріне бару жоспарда бар.Сіздің өнердегі стиліңіз басқаша. Қарапайым өмірде қандай адамсыз? Ауылға барып тұрасыз ба?Мен былайғы өмірде қарапайым киінемін. Клиптағыдай боянып алып, селтеңдеп жүрмеймін (күлді). Жол кептелісіне тұрып қалғанымда троллейбусқа, метроға мініп, діттеген жеріме баратын кездерім де болады. Бауырларым, туыстарымның көбі Жамбыл облысы, Меркі ауданында тұрады. Кішкентай кезімде сегіз бауырыммен бірге тезек теріп, құрт жайып, қой баққанмын. Ауылға ат басын б…

0
0
2346

2013-08-09 12:17:03 Бауыржан Ибрагимов, САХНА КІМ КӨРІНГЕННІҢ МЕКЕНІНЕ АЙНАЛҒАНДЫҚТАН «БАУЫРЖАН-ШОУ» ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

Сахна төрінен «Бауыржан-шоумен» қоса Бауыржан Ибрагимовтің де көрінбей кеткеніне біраз болған. Сөйтсек ағамыз Алматыдан арқа жаққа қарай келгіштеп жүр екен. Ибрагимовтің бастамасымен «Қазақстан эстрада артистерінің одағы» құрылғалы жатыр дегенді құлағымыз шалып, байырғы сатира артисіне бірнеше сауал қойған едік. – Бүгінде не көп, өнерге де басқаға да тиесілі одақ көп. Сіздердің де бір одақ құруларыңыз қандай қажеттіліктен туындады? – Бұл одақты құруды 4-5 жыл бұрын жоспарлағанмын. 2009 жылы Алматыда бүкіл театрларды жинап, Өзбекстан, Қырғызстаннан қонақтар шақырып, әзіл-сықақ ассоциациясын құрған болатынмын. Сол кезде меморандумға қол қойылған еді. Сахнадан кеткеннен кейін бұл іс аяқсыз қалды. Енді қайтадан одақ деңгейінде қолға алып отырмыз.– Одақ нақты қандай жұмыстармен айналысады?– Од…

2
7
2164

«Мүде хан»

Авторы: Қойшығара Салғараұлы «Мүде хан». Кинороман. – Астана: «Сарыарқа» БҮ, 2011. – 256 бет Таралымы: 1000 дана Түріктің «Ұлы Сүлеймен», кәрістің “Ханзада Жумонг”, “Са­рай әміршісі”, «Ұлы ханшайым Сондок», «Қайсар ханша», қытайдың “Шың­ғыс­хан”, т.б. секілді көп сериялы телефильмдеріне телміріп жүргеніміз бар. Киноларды тамашалап отырып мынандай ойға шомасың: «бізге қарағанда кәріс пен түріктерде алыптар шоғырланған екен-ау». Әйтпегенде ше...Шегелеп айтар болсақ, бізде киносценарийлер бар, демеуші тапшы. Таласбек Әсемқұловтың «Тұмар падиша» туындысын оқып отырып, елдік айбар һәм ұлттық асқақ сезім кеудеңді жаншылайды. Осындай дүниелерді экран бетіне шығара алмай жүргеніміз – ағзаға түскен ақау, еменнің өзегіне түскен құрт секілді. Сондай-ақ, Әмірхан Балқыбек: «Қойшығара Салғарин Қытай мұ…

1
2
2936

Тезек технологиясы

АҚШ үкіметі тегін отынды аяқ астынан тауыпты. Біз бұл сөзді тура мағынасында айтып отырмыз. Кәдімгі аяқ астында шашылып жататын мал қиынан қуат өндіретін әлемдегі алғашқы биореакторды салу үшін АҚШ үкіметі WESTERN PLAINS ENERGY компаниясына бес миллион доллор грант бөлген екен… Адамзат өз қайнарына орала бастағанының дәлелі осы ғой. Жуырда туған ауылым Арысқа жазғы демалысқа барып қайтқам. Жасы жетпіс екіге келсе де, арқасына қап салып, ақшаңқан түсте сиырдың жапасын теріп жүрген Жалғас апамды көріп америкостардың әлгі жаңалығы тағы да есіме түсіп, күлкім келіп кетті. Әсіресе, сырқырайтын аяғын билете басып, ауыл сыртын адақтап жүрген апамды көріп, жанымдағы қалалық құрбым аңтарылды да қалды. «Қазекемнің көгілдір отын, кесек көмір дейтін тұрмыстың жетістіктеріне қолы жетіңкіремей жүргені…

4
6
5474

Expo2017: елес пе, белес пе?

12 маусымдаХалықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) 151-ші Бас ассамблеясында Қазақстан ЕXPO-2017 көрмесін өткізу құқығына үміткер ретінде өзінің кезекті тұсаукесерінсәтті өткізді. Маңызды шешім қабылданар сәтті бірқадам жақындатқан сапар туралыҚР ЭДСМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар ҚАЗЫБАЕВ әңгімелеп берді. – Халықаралық көрме бюросының 151-ші Бас ассамблеясының жиынынан кейін әлемдік қауымдастықтың Қазақстанға ықыласы ауып келе ме? – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының атынан ассамблея делегаттарына бейнежолдау арқылы көрмені Астана қаласында өткізетін болса, бұл бүкіл Орталық Азия кеңістігіндегі және ТМД мемлекеттері аумағындағы алғашқы көрме болатындығын, осылайша көрменің шекарасы кеңейетіндігін атап айтты. Шешім 2012 жылдың соңында Халықаралық Көрмелер Бюросына мүше 160 елді…

1
3
1586