Ұлым дүниеге келгенде жыладым
Сол кез айқын есімде. Түнде ноутбук алдында фильм қарап отырғанмын. Сол сәтте Жансая маған қарай жүгіріп келді. Яғни, суда өміріп сүріп жүрген бала, сол суды шығара бастаған екен. Мен деген не істерімді білмей, бірден мамама(тәтеме) жүгірдім. Ол кісінің медицинада xабары бар. Еш шусыз, даусыз барлық керек заттарды жинап, өз көлігімізбен перинаталдық орталыққа беттедік. Біз барсақ, орталық босанып жатқандарға лық толы. Жататын орын жоқ. Осыдан кейін мемлекеттің анаға деген қамқорлығын және болашаққа қарай жүруді ұмытқанын бақылауға болады. Сол күннен кейін әйелдер қауымына деген құрметім ұлғайды. Осындай толғақтан өтіп, енді туам деп кеп тұрғанда орталықта орын болмағанына шыдаған әйелдер батыр. Сөйтіп, Жансая бұл күні босанбады. Өйткені ақ xалаттылар жалған толғақ болған деді. Келесі күнн…