Елорда дамуы – ел дамуы
Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-інде болды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Мұнда Мемлекет басшысына Астана қаласының 2030 жылға дейінгі бас жоспарына енгізілген түзетулер мен астаналық агломерация қалыптастыру жобасы жөнінде, сондай-ақ, елорданың жаңа көлік жүйесін құру барысы баяндалды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа Орынбор көшесін, жаңа теміржол вокзалы ауданын салу тұжырымдамасы және «Нұрлы жол» бульварының екінші кезегінің жобасы туралы жеткізілді. Бұдан бөлек, Республика Президентіне Астанадағы құрылысы жоспарланған тағы бірқатар жобалар таныстырылды. БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы елорданың құрылысы іс жүзінде 10 жыл ішінде жүзеге асқанын атап өтті. – Қалаға қажеттінің бәр…